Қызылорда станциясында еңбек озаттарымен кездесу өтті

Аймақтар
22.04.2022, 11:27
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы вагон пайдалану депосының Қызылорда станциясындағы қосынында ерекше кездесу өтті. Шараға екі рет «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісінің иегері атанған Сейтмек Онбаев пен депода қырық жылға жуық жұмыс жасап келе жатқан ерлі-зайыптылар – аға вагон қараушы Маратбек пен оператор Шәкмарал Тұралиевтар қатысты.

Кездесуді «Аманат» партиясының теміржол бөлімшесіндегі филиалының атқарушы хатшысы Базара Танбаева ұйымдастырды. Жаңа Қазақстанды құрудағы саяси реформалар жайында әңгіме өрбіткен партия белсендісі саясаттан тыс қарапайым еңбек адамдарының үлесі табанды да адал еңбек деген тұжырым жасады.

– Біз өзімізге идеалдарды алыстан іздейміз, ал жанымызда жүрген, шын мәнінде, үлгі тұтар үздіктерімізді ескере бермейміз. Бүгін осы олқылықтың орнын толтырып, кәсіби жұмысында жетістікке жеткен еңбек адамдарын насихаттап, жас буынға олардың тәжірибесі мен шеберлігін үлгі етсек дейміз, – деді Б.Танбаева.

Еліміздің өркендеуіне қарапайым еңбек адамының қосар үлесі туралы сөз қозғағанда вагонның доңғалақ буксының күрделі ақауын, бүйірлік рамадағы жарықты тауып, екі рет «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісін алған вагон қараушы Сейтмек Онбаевтай теміржолшылар алдымен ауызға алынуы заңдылық. Ал 350 жылдық тарихы бар Тұралиевтер әулетінің еңбек жолын жалғастырып келе жатқан ерлі-зайыпты теміржолшылар ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі емей, не?!

Кездесуде басқосу кейіпкерлерінің әсерлі әңгімесі тыңдалып, теміржолшы кәсібінің ыстық-суығымен қатар абыройы сөз болды. Депоның арғы-бергі тарихынан естеліктер айтылды.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?