Семей ЖТ бөлімшесінде көктемгі комиссиялық тексеру басталды

Аймақтар
26.04.2022, 10:51
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жыл сайын өткізілетін көктемгі комиссиялық тексеру жұмыстары басталды. Сәуір айының 25-нен басталған шара мамырдағы мерекелік күндерге дейін жалғасатын болады.

– Биылғы көктемгі байқау жылдағыдан кештеу басталды. Оған себеп шалғайдағы станциялар мен мекеме теміржолшылары комиссиялық тексеру шараларына толық даярлық жүргізіп алсын дедік. Оның үстіне Өскемен өңірінде, Защита-Күмістау-Алтай телімі бойынша қалың қар қауіп туғызып, кеш еріді. Жол шаруашылығындағы барлық құрылғыларды сүзгіден толық өткізіп шығу үшін қосымша уақыт қажет болды, – дейді бұл орайда пікір білдірген Семей ЖТ өндірістік техникалық бөлімінің қызметкерлері.

Көктемгі комиссиялық тексеру биыл Ақтоғай-Аягөз телімінен басталды. Жаңадан тағайындалған бөлімше басшысы Владимир Бабиченко тексеру барысында бастан-аяқ жүріп, барлық станциялар мен жол айрықтарында болып, бөлімше жұмысымен толық таныспақ. Сонымен қатар, Аягөз, Шар, Дегелең сынды жүк станцияларында тораптық кеңестер өткізіліп, бірқатар мәселелер сарапқа салынбақ. Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Семей аймағы бойынша бас ревизоры Темірбек Ақшалов арнайы баяндама жасап, сала қызметкерлерінің олқы тұстарын сарапқа салады деп күтілуде. Онда қысқы жұмыстардың қорытындысы жасалып, әр мекеменің қызметі бағаланып, жазғы маусымдағы межелі шаралар талқыланатын болады.

Бақылау жұмыстары осыдан соң Шар-Жаңа-Семей, Локоть-Семей телімдері бойынша жалғаспақ. Одан кейін Дегелең мен Жаңа-Семей аралығындағы жазғы жұмыстарға әзірлік барысы толықтай тексерілетін болады. Ал, Ауыл, Белағаш, Дүйсекен, №41 жол айрығы телімдерін сүзгіден өткізу алдағы аптаға жоспарланған. Ал Семей мен Жаңа-Семей станциялары бойынша тексеру ең соңынан жүргізілмек.

Көктемгі комиссиялық тексеру жұмыстарының нәтижесі 13 мамыр күні Семейдегі кеңейтілген тораптық жиында жарияланады.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті