Батыста еңбек қауіпсіздігін сақтауға үлес қосқан үздіктер анықталды

Аймақтар
06.05.2022, 14:58
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ЖШС Батыс аймақтық филиалында еңбекті қорғау күніне орай қоғамдық инспекторлар жұмысы сараланды.

– «Батыс» филиалы жыл сайын жұмысшыларды ынталандырып, өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи әдістерін қолданып келеді. Биылдыққа жарақат алу жағдайы тіркелмеді. Мұндай жақсы көрсеткішке әр маманның қосқан үлесі зор. Қазір бізде KTZ HSE ISPB модулінің артықшылықтары мен тиімді тұсын сәтті пайдалану басты назарға алынған. Қызметкерлер үшін қауіпсіз, ыңғайлы орта қалыптастырып, алаңсыз жұмыс істеу үшін жайлы орын жасақтауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүреді. Өндіріс мәдениеті мен сапалы өмір сүру, сонымен қатар өз денсаулығына және әріптестерінің өміріне жауапкершілікпен қарау бәрінен маңызды, – дейді Батыс аймақтық филиалының бас инженері Жасұлан Рсқалиев. Филиалда өндірістік жарақаттарды болдырмау, оның алдын алу, сондай-ақ «Vision Zero» тұжырымдамасы негізінде белсенді түрде жұмыс жүргізіледі. Еңбек қорғау күніне орай үздік техникалық қоғамдық инспекторлар мен ұжымдар марапатталды. 

«Жылдың үздік кәсіпорны», «Жылдың үздік қауіпсіз кәсіпорны» номинациялары бойынша бағалы сыйлықтар мен сертификаттар берілді. «Ең үздік еңбек қауіпсіздігі бұрышы», «Ең үздік күзет мекемесінің жұмысы», «Ең жақсы тамақтану бөлмесі», «Ең үздік санитарлық торап» номинациясы бойынша да ұжымдар марапатталды.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды