Шу теміржолшылары мүгедектігі бар бұрынғы әріптесіне қолдау көрсетті

Аймақтар
09.05.2022, 14:16

Рашид Ақсанов Шу белгі беру және байланыс дистанциясының «Бірлік» станциясында аға электромеханик болып жұмыс істеген. Осыдан бірнеше жыл бұрын өндірісте алған жарақаты салдарынан еңбекке жарамсыз болып қалды.

Дистанция бастығы Қайрат Сазаев пен бас инженер Бақдәулет Базарбайұлы, аға диспетчер Құралбек Әбушакиров бастаған топ Дүниежүзілік еңбек қорғау күнінде кешегі әріптестерінің шаңырағына бас сұғып, хал-жағдайымен танысты, әлеуметтік себет тапсырды. Рашид Ақсанов бүгінде денсаулығының осалдығына қарамастан қол қусырып отырған жоқ көрінеді, әу бастан темір-терсекке үйір жігіт тұрмыстық техникаларды жөндеуге машықтанып, ауыл тұрғындарының қажетін өтеп отыр. Шағын цехы да бар. Сонымен қатар өзі құрастырған «инкубатор» аппаратымен балапан шығарып, оны да тұрғындарға сатып, шағын кәсібін дөңгелетуде.

– Осындай жігерлі жігіттердің өмірге деген талпынысы қуантады. Рашид біздің білікті қызметкеріміз болатын. Енді, міне, мүмкіндігі шектеулі болса да, тыным таппай тіршілігін жасап, тұрмысын түзеп отыр. Байқасаңыз, әрбір ауыл тұрғынының тапсырысы бар, кезекке тұрғандары қаншама, біз де Рашидке тапсырыс беріп қайттық, – дейді дистанция басшысы.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?