Жіңішке станциясының басшылығы оқушыларға теміржол қауіпсіздігін түсіндірді

Аймақтар
09.05.2022, 14:26
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жіңішке станциясының басшылығы теміржолға тым жақын орналасқан мектепке барып, оқушылармен қауіпсіздік тақырыбында түсінік жұмыстарын өткізді.

Олар оқушыларға теміржол бойын ойын алаңына айнал- дырмауды, қандай жағдайда да қауіпсіздікті қаперден шығармауды қатаң ескертті. №36 мектеп Жіңішке станциясының аумағында орналасқан, оқушылардың тұрғылықты жері де осы төңірек. 

Сондықтан мұндай ескерту жұмыстары аталмыш мектепте жиі өтеді. Түсіндіру жұмыстарының тұрақты болуының да әсері шығар, биыл станция аумағында төтенше оқиға тіркелген жоқ. Жылжымалы құрамды шұғыл тоқтату оқиғасы да болмаған. 

«Балалар қауіпсіздігі бәрімізді алаңдатады. Мектеп әкімшілігімен тұрақты байланыс жасап, балаларға теміржолда жүру тәртібі, қауіпсіздік ережелері үйретілуін назарда ұстаймыз. Мектеп теміржол аумағында болғандықтан жан-жақты бақылауда, балалардың қауіпсіздігі бірінші кезекте олардың ата-аналарының жауапкершілігінде десек те, мектеп басшылығымен қоса біз де жауаптымыз деп санаймыз», – дейді станция инженері Әсемгүл Сәуірбаева. 

Теміржолшылар стратегиялық аймақта жылжымалы құрамның қозғалысына кедергі келтіргендердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға