Көктемгі байқау: кемшіліктерді түзетуге уақыт берілді

Аймақтар
12.05.2022, 10:55
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау өңірі бойынша көктемгі тексерісті қорытындылау жиынында қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтік-техникалық ғимараттардың жағдайы бойынша шаруашылықтардағы кемшіліктер сараланды. Жиынға барлық құрылымдық бөлімшелер, станция басшылары мен жауапты мамандар қатысты. 

Тексеру коимиссиясының төрағасы, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры  Аслан Базарғалиевтің атап өткеніндей, тексеру барысында жүк тасымалы мен магистралды желі бөлімшелерінің құрылымдық мекемелеріндегі ағымдағы инфрақұрылым мен жылжымалы құрамның жағдайы, станциялардың техникалық жағдайы, жолдың үстіңгі қабаты, су мен жылу нысандары, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері, техникалық оқулар мен жұмысшылардың кәсіби дайындығы, арнаулы киімдер, құралдар, қосалқы бөлшектер, басқа да материалдармен қамтамасыз етілуі, орталықтың бұйрықтары мен басқа да нұсқаулықтарын орындау тәртібі қаралған. Өткен 4 айда Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша өндірістік жарақат алу жағдайы болмаған. Жалпы алғанда, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техниикалық құралдардың жағдайы, ғимараттардың абаттандырылуы, жұмысшылардың тәртібі – қанағаттанарлық. Тексеріс кезінде бөлімше бойынша барлығы 1123 кемшілік анықталған. 

Соның ішінде ең көбі жол шауаршылығына қатысты. Бөлімше бас ревизоры Жәнібек Сауровтың айтуынша, жолдардың сапасына сын көп. Ескірген шпалдар, бағыттамала бұрмалардың бекітпелері осал, ординат пен параметрлері талапқа сай емес, дұрыс жұмыс жасамай қалады, араларына саз, шөп қаптап кеткен жерлер бар. станциялық жолдардағы учаскелерге көңіл бөлу төмен. Жол шеберлері жұмысты жанадандыруы тиіс. «Анықталған кемшіліктер уақытында түзетілмейді. Оның салдары жақсалыққа әкелмейді. Мәселен, соның кесірінен Мақат станциясы жолында наурыз айында локомотив пен жартылай вагонның жолдан шығып кетуі орын алды. Сондықтан Атырау және Құлсары жол дистанциясының басшылары пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда жеке нормативтерді орындаулары қажет» дейді ол. Сонымен қатар малға қарсы қоршауларды жөндеу дер кезінде жүргізілмейді, бұзылған күйінде қалатын жайлар бар. Жолдарды құмнан тазарту жұмыстарын да үнемі жүргізіп отырған абзал, алайда олар соған арналған арнайы құралдармен жасалуы тиіс, әйтпесе өмірге қауіпті жағдай орын алады. Атап айтқанда, Құлсары-Бейнеу, Атырау-Исатай учаскелерінде жолды құмнан тазарту жұмыстарын технологиялық талапқа сай ұйымдастыру қажет. 

Жиында айтылғандай, Атырау вагон пайдалану депосының командалық-нұсқаулық құрамы тарапынан лауазымдық міндеттері сапасыз орындалады. Нәтижесінде вагон қараушылар техникалық қызмет көрсетуде ақауды анықтау мен түзетуде кемшіліктер жібереді. Соның ішінде тежегіш колодкасының желінуі, автобосату плитасының бұрандалары бос жатады, тежегіш рычагтары реттелмей қалады. Вагон қараушылар тарапынан вагонды қарау кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктер анықталмай жатады. Өндірістік-техникалық бөлімдерде жұмысшылар саны штатқа сәйкес емес. Сағыз станциясында вагон жөндеуді вагон қараушы атқарып жүрген жайлар анықталған. Вагон қараушыларға фонарь де жетіспейді. Рациялардың қашықтықты ұстауы төмен, сондықтан кейбірі оны қолданбайды. Жоспардан тыс техникалық сабақтар да уақтылы өткізілмейді. Сондықтан өндірістік-техникалық қызмет көрсетудің сапасын арттырып, вагонқараушылардың жұмысына бақылау жүргізу қажет. Қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз. 

Құлсары, Махамбет, Аққыстау станцияларында СОБ қондырғысын күтіп-ұстау, 441-ші разъезде «Диалог» МПДЦ жүйесіне сервистік қызмет көрсету өте нашар, ол қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Яғни, оларды қолдану технологиясы мен нормативтер сигнализация және байланыс дистанциялары басшылары мен участок жетекшілері, аға электромеханиктер тарапынан жеткілікті дәрежеде орындалмайды. Әсіресе ауа-райы нашар, нөсер жауын не қатты жел күндері жауапты мамандар желі бойын үнемі назарда ұстағаны абзал дейді ревизор. Мұнда да техникалық сабақтардың өтуі де өз дәрежесінде емес.

Локомотив деполарының басшылары мен орта буындары тарыпанан өздеріне қарасты мәселелер бойынша қажетті шешім алынбайды. Атап айтқанда жұмыс технологиясын сақтау, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұйымдастырушылық және техникалық шаралар алу, цехтар мен учаскелерді тексеру, локомотивті жөндеу сапасын қадағалау, жылдамдықты реттеу лентасы мен кассетінің дұрыс көрсетуін тексеру, ТО-2 техникалық қызметінен кейін локомотивтердің жағдайын тексеру т.б. мәселелер. Сервистік қызметтен кейін локомотивтер кепілді мерзімге жете алмай қалады. Соның нәтижесінде көктемгі тексеру барысында 6 локомотив қолданыстан алынып тасталған. Бас резизор ерекше тоқталған тағы бір мәселе ол – маневрлік локомотивтерді бір ғана адамның жүргізуі. Ол қозғалыс қауіпсіздігіне кері әсер етеді және түнгі мезгілде аса қауіпті. Сондықтан осы тығырықтан шығу амалын да қарастырған жөн. Мақат, Құлсары, Ганюшкино станцияларында басшылары тарапынан қауіпсіздік бойынша жеке нормативті орындау өз дәрежесінде емес, кемшіліктер анықталмайды. Учаскелік ревизорлар техникалық оқытуға көңіл бөлуі тиіс. Тексеру барысында анықталғанындай, жалпы қай мекемеде болса да басшылар тарапынан қадағалау, нормативтік құжаттарға сай талаптарды орындау, құжаттарды жүргізу, жұмысшылардың мамандығына сай білім дәрежесі төмен жайттар кездеседі. 

Жиын соңында аталған жайттар саралана келе, бөлімше басшылығымен аталған кемшіліктерді түзету, көктемгі тексеріс анықтаған олқылықтарды қалпына келтіру, мамандардың білімі мен біліктілігін арттыру, өз міндеттеріне жауапты қарау, техникалық сабақтар сапасын жақсарту, еңбек жәәне қауіпсіздік техникасын сақтау жөнінде шешімдер қабылданды.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?