Маңғыстаудағы тепловоздардың дені жазғы тасымалға дайын

Аймақтар
24.05.2022, 09:58
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау локомотив пайдалану депосында тепловоздар көктемгі комиссиялық байқаудан өтіп, жазғы маусымға дайын деуге болады. Бүгінгі таңда соңғы бірнеше тепловоздың дайындығы жасалуда.

  Десе де қолбайлау болып тұрған бір мәселе бар. Ол қазіргі көрші елдерде болып жатқан сыртқы саяси жағдайларға байланысты. Атап айтсақ, Ресейден келетін бояулар уақытылы жетпей жатыр екен. Сондықтан тепловоздарды сырлау жайы кейінге шегерілуде. Депо мамандарының айтуынша, бұл көпке ұзай қоймас, мамыр айының соңына дейін шешімін табуы тиіс. Комиссиялық байқау біткенмен тепловоздарды сырлау сосын да жалғаса береді дейді олар. Жоспар бойынша 42 тепловоз толық сырланады, 6 тепловоз бұрқасын бояумен боялады екен. Жалпы бүгінде Маңғыстау локомотив пайдалану депосының паркінде 61 тепловоз бар. 10 тепловоз күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көктемгі комиссиялық байқауға жатпайды. 

Көктемгі комиссиялық байқауға алынатыны тек 48 тепловоз. 2ТЭМ10МК және ТЭ33А темір тұлпарлары Мақат, Шалқар, Сексеуіл деполарында, ал ТЭМ2 тепловоздары Маңғыстау станциясындағы «Ғасыр Маңғыстау» ЖШС жөндеу депосынан байқаудан өтеді.  

– Осыған дейін «Ғасыр Маңғыстаудан» ТЭМ2 сериясынан 11 тепловоздың барлығы да тиісті дайындығын алды. Мұнда ТО-3, ТО-6 жөндеулері жасалды. Аталған тепловоздың техникалық жағдайы қанағаттанарлық, жақсы деуге болады. Ал Мақат, Шалқар, Сексеуіл деполарында байқаудан өтетін тепловоздар әлі де бар. Бәрі де өз уақытымен жүргізіліп, мамырдың соңына дейін толық дайын болады деп отырмыз, – дейді Маңғыстау локомотив пайдалану депосы жөндеуді бақылау бөлімінің бастығы Сәбит Зияев.

  Бояу екеш бояуды да Ресейден алып отырғанымыз – осы күнге дейін шешілмей отырған тағы бір мәселенің ұшығы. Осы арада, елімізде бояу мәселесі қашан шешіледі, локомотивтерге қажетті бояулар отандық өнімге қашан айналады деген сансыз сұрақтар туындайды...

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға