Семейде Мәжіліс депутаты референдум бойынша үгіт-насихат жүргізді

Аймақтар
24.05.2022, 10:03
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар қауымы еліміздің саяси-қоғамдық өміріндегі барлық шараларға бір кісідей атсалысып келеді. Мемлекет дамуы жолындағы саяси-идеологиялық мәні бар жұмыстарда әрқашан белсенді.

Жуырда шығыстағы теміржолшылар шаһары, машинистер ұстаханасы атанған Аягөз қаласына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әмірхан Рахымжанов арнайы іссапармен келді. Жұмыс сапары барысында мәртебелі мейман жергілікті «Қамқор Локо- мотив» ЖШС «Аягөз локомотив жөндеу депосы» филиалы ұжымымен жүздесіп, алдағы 5 маусымда өткізілетін референдум мәселелері бойынша пікірлесу алаңын өткізуге мұрындық болды. 

Онда еліміздің саяси өмірінде зор маңызға ие болып отырған жалпыхалықтық референдум жайлы пікір білдірген Әмірхан Мұратбекұлы осы науқанға теміржолшылардың да бір кісідей қатысып, дауыс беруі керектігі жөнінде сөз қозғады. «Еліміздің Ата Заңына өзгерістер енгізуге бейжай қарамайтын әр қазақстандықтың бұл азаматтық борышы, сондықтан өз таңдауымыз өз қолымызда екенін ұмытпайық, халайық» деді депутат. Жергілікті теміржолшылар қауымы Президент бастамасымен қолға алынған іргелі шарадан қалыс қалмайтындарын, бір кісідей қолдау білдіретіндіктерін жеткізді және өзгерістер енгізілетін баптарға қатысты сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты. 

Жалпы, білікті теміржолшы Асқат Тілеубаев басшылық жасайтын, ТЭ33А сериялы тепловоздарға сервистік қызмет көрсететін аталмыш мекеме қызметкерлері Аягөз өңірі бойынша барлық қоғамдық шараларда белсенділік танытып, алда келе жатыр. Атап айтсақ, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру, қала көшелерін абаттандыруға қатысу, спорт сайыстарына демеушілік жасау сынды маңызды істерде алдыңғы орыннан табылатынын айта кету ләзім.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті