Семей ЖТ бөлімшесінде заңдылықты сақтау мәселесі талқыланды

Аймақтар
24.05.2022, 11:52
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінде теміржол саласымен әріптестік байланыс орнатқан кәсіпкерлердің басын қосқан жиын болып өтті. Кездесуге Семей қаласының көлік прокуратурасы, кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалы өкілдері және бөлімше басшылығы мен теміржол арқылы жүк жөнелтушілер қауымы қатысты.

Жиынның мақсаты заңсыз тексерулер жүргізудің алдын алу, сонымен қатар, жең ұшынан жалғасқан сыбайластыққа жол бермеу болды. Семей ЖТ бөлімшесі басшысының логистика бойынша орынбасары Болат Өтегенов қазіргі таңдағы әріптестік аясындағы атқарылып жатқан шаралар жайында қысқаша ақпараттандырып өтіп, қалыптасқан ахуалға тоқталды.

– Бүгінде барлық жұмыстар заң аясында атқарылуда. Өрескел заңбұзушылықтарға жол берілген жоқ. Бұл орайда бөлімшедегі жүк станцияларының цифрлы байланыс тәсілдеріне көшуі де оң нәтиже беруде, – деді.

Ал, көлік прокуратурасының қызметкерлері егерде заңбұзушылықтар орын алатын болса, тексерілетін субъекті Семей қаласының көлік прокуратурасының мобильді тобына жүгіне алатындығын жеткізді.

Жиын барысында теміржол көлігімен жүк тасымалдау шараларына қатысты бірқатар түйткілді мәселелер талқыланып, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібі түсіндірілді.

Сондай-ақ, қадағалау органының өкілдері кездесуге қатысушыларға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында Семей қаласының көлік прокуратурасы Құқықтық статистика комитетінің облыстық көлік басқармасымен бірлесіп, кәсіпкерлерді заңсыз түрде тексеру және осынау келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында да арнайы жұмыс жүргізіп жатқанын да айтып өтті.

Сонымен қатар, Семей қаласының көлік прокуратурасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың жұмысы жолға қойылғанынан хабардар етіп, байланыс тәртібін де түсіндіріп өтті.

Жиын барысында қатысушылар тарапынан бірқатар сауалдар да қойылып, оларға заң талаптары аясындағы жауаптар берілді.

Сөз орайында тоқтала кетсек, бүгінгі таңда Семей ЖТ бөлімшесі жүк тасымалы бойынша көптеген ірі кәсіпорындар мен орта бизнес өкілдеріне тұрақты қызмет көрсетеді. Бұл орайда жүк жөнелтуге тапсырыс берушілер саны жылдан-жылға артып келе жатқаны байқалады. Яғни, аталмыш бағыттағы іс-шаралардың заңдылығын сақтау, заңсыз тексеру, жемқорлық сынды әрекеттерге жол бермеу бойынша жүргізілетін жұмыс- тарға басымдық берілуде.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті