Шар станциясында күрмеуі қиын мәселелер ұжымдық жиында талқыланады

Аймақтар
27.05.2022, 10:19
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шар станциясында жұмыс қашан да қауырт. Әйтсе де, жергілікті теміржолшылар үшін кәсіби машықтанып, білім жетілдіруге және өндірістегі кейбір мәселелерді талқылап, ортақ шешімін табу үшін уақыт табылады.

Станцияда жоспарлы жұмыстар техникалық дәрістер аясында сарапталып, өткен кезең үшін қорытынды жасаудың тың тәсілдері қалыптасқан. Мұндай техникалық дәрістерді Шар станциясының бастығы, қозғалыс саласының білікті маманы Бейімбет Байсаринов өзі де өткізеді. Қасаң жиын емес, еркін пікіралмасу алаңына айналдыруға тырысатын мұндай шаралар барысында пойыз құрастырушылары, станция кезекшілері, диспетчерлер жұмыс процесін оңтайландыру жөнінде ой қосып, түйінді мәселенің шешімін табуға тырысады. Мұндай техникалық сабақтар әсіресе жас мамандар үшін нағыз тәжірибе мектебі.  

– Мәселен, биыл осы кезеңге дейін Шар станциясына 3129 пойыз келді. Өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда бұл екі есеге дейін көп. Міне, осыған байланысты станцияда күрделі мәселелер де туындайды. Ондайда бөлімше басшыларын орынсыз мазалап жатпай-ақ, өз күшімізбен шешуге тырысамыз. Атап айтсақ, станция басында тастанды пойыздардың қалыптасуына жол бермей, транзиттік пойыздар ағынын кедергісіз өткізу бойынша нақты шешімді өзіміз қабылдаймыз. Осындай ортақ талқылау алаңында мәселенің оң шешімін табамыз, – дейді станция басшысы Бейімбет Бейбітұлы.

Расында, «кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей, мұндай техникалық дәрістер барысында ағымдағы қалыптасқан жағдай жөнінде нақты ақпарат беріліп, алда орын алуы мүмкін күрмеулі мәселелер қатары қарастырылып, оның шешімін табу үшін атқарылуы тиіс шаралар сарапталады екен. Жетістік те жоқ емес. Мәселен, осы аралықтағы кезеңге дейін станцияға келген 140705 вагонды жинау мен кестеге сай жөнелтуде ешқандай іркіліс туындамаған. Сол секілді станция басындағы өңделетін пойыздарға жұмсалатын уақытты үнемдеу бойынша да тың тәсілге қол жеткізілген. Нәтижесінде дер кезінде құрастырылған 735 пойыз өз уақытынан кешіктірілмей жолға шығарылған. Өткен жылы мұндай пойыздардың саны 695 болған екен. Яғни, техникалық дәрістер барысында талқылау нәтижесі жоқ емес. Демек, тиімді тәжірибе.  

– Үш бағытқа қызмет көрсететін Шар станциясында жоспардан тыс жұмыстар да орын алып жатады. Әсіресе, қозғалыс жиілігі күрт артып кететін Өскемен-Алматы бағыты бойынша кей сәттерде шұғыл шешім қабылдау қажеттігі туындап жатады. Міне, техникалық дәрістер барысында осындай сындарлы сәтте ұтымды жұмыс жүргізудің де жай-жапсарына кеңінен қанығамыз, – дейді бұл орайда пікір білдірген Шар станциясының теміржолшылары.

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті