Семейде жаз шыға балалар қауіпсіздігі алаңдатады

Аймақтар
27.05.2022, 10:36
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

  Желі бойындағы қауіпсіздікті сақтауда ел шығысындағы теміржолшылар үшін тағы бір мазасыз маусым басталды. Балалардың жазғы каникулға шығуымен олардың қауіпсіздігі алаңдатады.

Осыған орай, аймақтағы теміржол көктей өтетін Үшбиік, Аягөз, Шар, Жаңғызтөбе, Суықбұлақ, Қапанбұлақ, Жарма, Семей сынды іргелі станцияларда қауіпсіздік шаралары жылдағы қалыптасқан дағдыға сай күшейтіле түседі. Жергілікті локомотившілердің айтуынша, биылғы ахуал біршама алаңдатып тұр. Мәселен, жыл басынан бері аймақта 29 шұғыл тежеу орын алыпты. Өкінішке орай, оның 9-ында пойыз адам қағып кеткен.  

– Сараптама барысы көрсеткендей, балалар жиі ұшырайтын желі бойындағы жазатайым оқиғалардың басым бөлігі жазғы каникул кезінде орын алады екен. Зардап шеккендердің көпшілігі – мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балалар. Теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың жиі орын алатын жері – белгіленбеген жерлерден кесіп өту, – дейді ТЧЭ-24 мекемесінің бас инженері Дархан Қажығұлов. 

Қазіргі таңда жергілікті локомотившілер қауымы оқыс оқиғалардың алдын алу және қауіп-қатерден сақтандыру мақсатында жоспарлы жұмыстарды бастап кетті. Бұл ретте «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС-ның Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінен келген арнайы нұсқаулықтар аясында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, осы шаралар аясында түсіндіру, ақпараттандыру, рейдтік тексерулер жүргізу сынды жұмыстар да жанданып жатыр.

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті