Белкөл станциясында оқушыларға теміржол ережесі түсіндірілді

Аймақтар
31.05.2022, 11:48

Қазақстан темір жолының өн бойында 16 мамырдан 16 маусымға дейін жарияланған «Темір жол – қауіпті аймақ» айлығы өтіп жатыр. Әсіресе жазғы демалысқа шыққан балалар теміржол маңын ойын алаңына айналдырмас үшін жер-жерде профилактикалық жұмыстар басталды.

Мектеп оқушыларымен, олардың ата-аналарымен кездескен теміржолшылар мен тәртіп сақшылары балаларды қауіп-қатерден сақтандырып, жол бойында тәртіп сақтауға шақыруда. Белкөл станциясында өткен кездесуде балаларға өткен-кеткен пойыздарға тас атып, рельс үстіне шеге, басқа да заттар қойып қызықтаудың соңы ауыр қылмыстық оқиғаға апарып соғатыны түрлі мысалдармен түсіндірілді. Бұдан бөлек, станция бастығының орынбасары Ербол Сембиев, ӘТЖК өкілі Жандос Тарманов, Қызылорда жол дистанциясының инженері Майра Бадрақова, станциядағы ЖІІб ӘПб инспекторы Берік Аққалиевтан құралған топ станция өткелдерінде рейд өткізді. Алайда рейд кезінде жолдан өту ережесін өрескел бұзғандар өз қателіктерін мойындап, «бәрін түсінген» болса да былай шыға бере сол өздерінің үйреншікті соқпағына түсіп, тағы да қиыс басып кете беретіні жасырын емес деп қынжылады теміржолшылар.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?