Семей вркзалының қызметкерлері абаттандыру ісінде белсенді

Аймақтар
01.06.2022, 09:27
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары қоғамдық іс-шараларда мейлінше белсенді. Әсіресе, вокзал шаруашылығының қызметкерлері қаланың бас қақпасын көркейту, абаттандыру және түрлі экологиялық акциялар жүргізу бойынша әріптестерінен көш бойы озық келеді.

Биылғы көктемнен бастап вокзал шаруашылығы қызметкерлері аумақты көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Вокзал маңына тал көшеттері отырғызылып, әр апта сайын сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді. Семей шаһарының қайтадан құрылатын Абай облысының орталығы болады деген жақсы жаңалық семейліктердің құлшынысын тіпті арттыра түскендей.

Кеше жергілікті атқарушы билік өкілдері тазалық және көріктендіру шараларын ұйымдастыруда белсенділік танытқан бірқатар қызметкерлер еңбегіне алғыс айтылып, қала әкімінің мақтау қағазы табыс етілді.

Аға буын өкілдері болса да, жастарға ісімен үлгі бола білген вокзал бастығының кезекші көмекшісі Диана Исалова, анықтама беру бойынша кезекші Майнұр Орымбаева мен оның әріптесі Тоғжан Жұмағалиева есімдері құрметпен аталып, еңбектері жастарға үлгі етілді.

– Шаһар қақпасы саналатын вокзалдың көрер көзге көрікті, тартымды әрі барлық талапқа сай болмағы бірінші кезекте оның қызметкерлеріне байланысты. Абай облысы орталығының бас теміржол қақпасы – вокзал бұл үдеден шығады деп сендіреміз, – дейді пікір білдірген НЖС-6 бастығының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Ерлан Байтұрсынұлы.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті