Әйтеке би ауданында электр мамандары тәжірибе алмасты

Аймақтар
08.06.2022, 09:49
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы қызмет көрсететін Әйтеке би ауданында көшпелі оқу-жаттығу, тәжірибе алмасу семинарын өткізді.

Ауданның оқу-жаттығу алаңында өткен семинарға дистанцияның барлық станциядағы өкілдері қатысты. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды күшейтіп, қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыруға бағытталған шара кезінде жоғары желілік ток көздерімен жұмыс барысындағы қауіпсіздікті сақтау тәртібі көрсетілді. 

Атап өтерлігі, Ақтөбе ЭЧ мекемесі бекерден бекер таңдап алынбаған. Өйткені, дистанцияда бірнеше жылдан бері оқыс оқиға тіркелмеген. Өткен жылдың төрт тоқсанында да жақсы көрсеткішке шығып, Компания тарапынан қызметкерлер ақшалай қолдауға ие болды. Ұжымдағы жетістікке толы жұмыстар биыл да жалғасын тапты. 2022 жылдың бірінші тоқсанын да жақсы нәтижемен аяқтап, алтыншы орын мінберінен табылған ақтөбелік энергетиктер тағы да сыйақыға қол жеткізді. 

– 2022 жыл – еңбек қорғау және қауіпсіздік жылы деп жарияланды. Семинардың мақсаты – қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтауға бағытталған жұмыстарды күшейту. Қазір жазғы жұмыстардың басталып жатқан кезі. Оқу-жаттығу шарасы, тәжірибе алмасу арқылы әр цехтың қауіпсіздік құралдарын қолдану дайындығы бақыланады. Қауіпсіздіктің сақталуы – біздің басты жетістігіміз, – деді Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Сәкен Орынбаев. 

Семинар барысында Әйтеке би электрмен жабдықтау бөлімінің басшысы Нұрбол Жанділдаев рационализаторлық ұсыныс негізінде ойлап табылған трансформаторды көтеру-түсіру қондырғысының мүмкіндіктермен таныстырды. Салмағы жеңіл, қолдануы ұзақ уақытты алмайтын көтергішті Әйтеке би бөліміндегі электр механигі Айбек Бекжанов ойлап тапқан. Монтерлар осыған дейін трансформаторларды көтеруді бірнеше адам жасап, ұзақ уақыт алатын. Ал жаңа рационализаторлық жобамен трансформаторды түсіру жұмысын бір адам жасай алады. Салмағы жеңіл. Бағананың кез келген жеріне қолдану оңай. Бұл көмекші құралдың жасалу жолы, пайдалану тәсілі басқа цехтың қызметкерлеріне түсіндірілді. Және оның мүмкіндіктері жаттығу кезінде көрсетілді.

2004 жылдан бері жұмыс істеп тұрған Әйтеке би электрмен жабдықтау бөлімінде 16 адам еңбек етеді. Шағын цехтағы өнертапқыштың жетістігіне әріптестері оң баға берді. Оларға трансформаторды түсіру, қайта көтеру, ақауды қалпына келтіру жұмыстары және токқа түсіп қалған адамға 4 минуттың ішінде көмек көрсету шеберлігі көрсетілді. Бұл тәсілді барлық цех мамандары жасап шықты. 

– Дистанция бірнеше жыл жарақаттану оқиғаларына жол бермей жұмыс істеп келеді. Биылғы 5 ай қорытындысы бойынша да электрмен жабдықтау бөлімінде жазатайым оқиғалар орын алған жоқ. Жазатайым оқиғалар, әдетте қызметкерлердің тәжірибесіздігінен немесе керісінше тәжірибелі мамандардың өзіне тым сенімділігінен болады. Электр тогы қауіпті, себебі ол көрінбейді, иіссіз, түсі жоқ және біздің сезім мүшелерімізбен анықталмайды. Сол себепті еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау талап етіледі, – деді еңбекті қорғау жетекші инженері Руслан Жолдыбаев. 

Еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз ету үшін Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясына өткен жылы 14 дана экшн камера және 228 дана лото құлпы қолданысқа берілген. Ай сайын экшн камерадағы бейнежазбалар қаралып, талдау жасалынады. Еңбекті қорғау ережелерін бұзған қызметкерлерге тәртіптік жаза беріледі. Осылайша, еңбек қауіпсіздігінің сақталуына барынша көңіл бөлінетіні айтылды.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды