«Кедентранссервис» АҚ Алматы өңірі бойынша бақылау аудитін бастағалы отыр

Аймақтар
10.06.2022, 10:29
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Кедентранссервис» АҚ биыл орталық аппаратта, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша, сондай-ақ Достық станциясы филиалдарында бақылау аудитін жүргізуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың соңында сапа жүйе- лерін сертификаттау жөніндегі тәуелсіз халықаралық орган болып табылатын сертификаттау саласы бойынша әлемге танымал және белгілі ұйымдардың бірі TÜV Rheinland Kazakhstan (ТЮФ Рейнланд Қазақстан) ЖШС «Кедентранссервис» АҚ орталық аппаратына және Қоғамның Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша филиалына ISO 9001 халықаралық стандарттарының сәйкестік талаптарын, яғни 2015 сапа менеджменті жүйелері, ISO 14001:2015 экологиялық менеджмент жүйелері, ISO 45001: 2018 Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйелері растайтын сертификат берген болатын. 

«Кедентранссервис» АҚ-да «Менеджменттің интеграцияланған жүйесін әзірлеу және енгізу» жобасын енгізу 2017 жылы басталды. Содан бері МИЖ-нің негізгі және жүйелік құжаттары тұрақты түрде әзірленіп, қолданысқа енгізіліп келеді. 

Сонымен қатар, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде МИЖ ішкі тексерулері мен аудиттері үнемі жүргізіледі. Әсіресе, компания басшылығы қызмет- керлерді оқытуға көп көңіл бөліп отыр. Мәселен, былтыр Қоғамның орталық аппаратының 10-нан астам қызметкері курстардан өтіп, аудитор сертификатының иегері болды. Ішкі аудиторлар Қоғамның орталық аппаратында жоғарыда көрсетілген стандарттар мен компанияның жергілікті актілерінің, сондай-ақ сыртқы ұйғарым құжаттарының талаптарына сәйкестігіне аудит жүргізді. 

МИЖ ішкі аудиттерінің нәтижелері бойынша Қоғамның орталық аппаратында, Астана қаласы, Ақмола облысы және Достық станциясы бойынша филиалдарында үдерістер белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталып, ал Алматы қаласы және Алматы облысы, Павлодар облысы және Шығыс Қазақстан өңірлік филиалдарында диагностикалық аудит жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарлары әзірленіп, жұмыстар жүргізілді. Ал биыл орталық аппаратта, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша, сондай-ақ, Достық станциясы филиалдарында бақылау аудиті жүргізілмек. 

Компания мамандары, халықаралық стандарттарды енгізудің бірнеше артықшылығы бар екенін айтады. Мәселен, ол компанияның басқару жүйесін жетілдіруге және қызметті басқаруды жүйелеуге, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, халықаралық жобаларға қатысу кезінде бәсекелестік мүмкіндіктерін алуға, сондай-ақ, әріптестер мен инвесторларды тартуға лицензия алу және рұқсат алу процесін оңайлатуға ықпал етіп, көлік-логистикалық көрсетілетін қызметтер нарығында қоғамның имиджін арттыруға оң әсер етпек. Демек, халықаралық сертификаттарды алу қоғам дамуының жаңа мүмкіндіктері болып отыр.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты