Ақтөбеде 14 нысан жаңа модульдік үлгіде жабдықталды.

Аймақтар
14.06.2022, 11:09
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясы 14 ғимаратты жаңа модульдік үлгіде жабдықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Дистанцияда жыл басталғалы қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Соның ішінде ауыз толтырып айтатын ауқымды жұмыстардың бірі апаттық жағдайдағы ғимараттар толықтай жаңартылды. Бұл жұмысшылар үшін қолайлы бола түспек. Шалқар дистанциясы бойынша СП-6 типті электр сигнализациясының жаңаруы да биылғы жасалған жұмыстардың бірі. Ескі желілер Р-80 Альстом компаниясының 50 дана электроприводына ауыстырылды. 

Дистанция аумағындағы Қандыағаш, Жұрын, Жазық, Шалқар, Тоғыз станцияларында дизельді-генератор қондырғылары орнатылды. Ақтөбе СОБ, байланыс жіне электрмен жабдықтау бөлімінің басшысы Жәнібек Жұмабаевтың айтуынша, биыл ШЧ-4 аумағындағы Ізімбет станциясы ПВ-ЭЦ, ПРП-ЭЦ қуатты панельдерімен жаңарған. 

«Ақтөбе станциясындағы Жіңішке, Жайсаң, Қаратоғай, Әлімбет және ШЧ-7 Орал бойынша Амангелді, Переметное, Алғабас, Шыңғырлау және Тасқала, жұп және тақ бағыттағы КТСМ-02 жабдығы ескірген үй-жайлардан жаңа контейнерлік модульдерге ауыстырылды», – дейді Жәнібек Жұмабаев. 

Ақтөбе станциясы аумағындағы Жіңішке, Жайсаң, Қаратоғай және Мәртөк бөлімшелерінде қондырғылар толық модернизациядан өтіп, МП АСДК жабдығы жетілдірілген шкафтармен ауыстырылды. Дистанциядағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. Станция аумақтарындағы релелік шкафтарды линзаларға ауыстыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға