Мәжіліс депутаттары теміржолшылар арасында

Аймақтар
15.07.2022, 11:17
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Өңірлерді аралап сайлаушыларымен кездесу өткізіп жүрген халық қалаулылары Президент жүктеген міндеттерді көпшілікке жеткізіп, қарапайым жұмысшылардың өтініш-тілектерін тыңдауда.

Осы аптада Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұлов пен Геннадий Шиповских Қызылорда локомотив пайдалану депосының ұжымымен кездесті. Халық қалаулыларын теміржолшылар жылы қабылдады. Өйткені, кездесуге келіп отырған Геннадий Шиповских өз орталарынан шыққан кешегі теміржолшы-машинист еді. Кезегімен сөз алған депутаттар теміржол саласын одан әрі дамытуда «ҚТЖ» компаниясы тарапынан жасалған жұмыстардың жүзеге асырылуы деңгеймен танысып, ашық пікір алмасу арқылы негізгі проблемалық мәселелерін анықтап, оның заңнамалық тұрғыдан жүзеге асуына қолдау білдіретіндерін жеткізді. Кездесу барысында сала дамуына қатысты мәселелермен қатар ел ішіндегі ахуал, қазіргі таңда орын алып отырған қымбатшылық жайы да сөз болды.  

– Локомотив шаруашылығы – теміржол саласының қозғаушы күші. Өзім сайланған өңірдің ахуалымен танысу, бірге жұмыс жасаған әріптестерімнің жағдайын білу, мемлекеттік бағдарламаның жергілікті жерде жүзеге асу барысын көру мақсатында келдім. Қарапайым еңбек адамдарының әлеуметтік тұрғыдан қорғалу жағдайын назарға алдым. Барлық көтерілген өзекті мәселелерді тиісті мемлекеттік органдарға жеткіземін, оның шешілуіне атсалысамын, сөз жүзінде емес, іс жүзінде жұмыс жасаймын, – деді Парламент Мәжілісінің жас депутаты Генадий Шиповских.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?