Соңғы бес жылда қазіргі Абай елінде 760 млн теңге жұмсалған 9 жоба жүзеге асырылды

Аймақтар
19.07.2022, 14:21
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен аптада жаңадан құрылған Абай облысына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның бірқатар басшылары арнайы жұмыс сапарымен келген болатын. Мәртебелі меймандар Семей ЖТ бөлімшесінде де болып, теміржолшылармен жүздесті.

Жергілікті теміржолшылар алдында сөз алған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Абай облысының қайтадан құрылуымен алдағы уақытта жаңа міндеттемелер туындап отырғанын жеткізді. Яғни, қордың қолға алуымен Абай облысында үлкен өзгерістер орын алатын болады. Сонымен қатар, әл-ауқат қорының ықпалымен Семей жерінде елеулі жұмыстар атқарылғанын да тілге тиек етті.  

– Әйтсе де, біз үшін ең басты құндылық – адамның өмірі. Сондықтан да биылғы 2022 жыл «Самұрық-Қазына» қоры мен оған кіретін компанияларда «Еңбек қауіпсіздігін қорғау» жылы болып жарияланды. Өндіріс орындарында жарақат алу фактілерін азайтуға бағытталған шаралар жемісін беріп, 2019-2021 жылдары аралығында 36 пайызға төмендеді. Алайда, біздің басты мақсатымыз – нөлдік көрсеткішке қол жеткізу, – деп атап өткен Ғибрат Қайратұлы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында еңбек ететін әрбір адам қауіпсіздік мәдениетін берік ұстануы тиіс екендігін баса айтты. 

Ғибрат Ауғанов сонымен қатар Қорда жүзеге асырылып жатқан жобалар мен олардың нәтижелері туралы да сөз етті. Бұл орайда әлеуметтік жауапкершілік күшейтілетінін, сондай-ақ, кәсіподақ мүшелерінің, жастар белсенділігін арттыру ісі кеңінен қолға алынып жатқанын жеткізді.  

– Әсіресе, жастарға ерекше назар аударылатын болады. Олар үшін арнайы кездесулер, форумдар мен марафондар ұйымдастырылмақ. Қорға қарасты компанияларда 35 жасқа дейінгі 92 мыңның үстінде жастар бар. Бұл орайда келешекте жастар кеңесін құру да жоспарда тұр, – деді Ғибрат Қайратұлы. 

Кездесу барысында сондай-ақ аймақтардағы әлеуметтік жобалар да сөз болды. Соңғы бес жылда қазіргі Абай елінде 760 млн теңге жұмсалған 9 жоба жүзеге асырылыпты. Мұндай шаралар алдағы кезде жалғасып, Қор облыс әкімдігімен екіжақты меморандум жасамақ. 

Жиын барысында сөз алған Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Владимир Бабиченко аймақтағы сала жұмысымен таныстырып өтті. Ресейдің Батыс Сібір бөлімшесінен келетін жүк пойыздарының саны ай сайын артып келе жатқанын, жалпы Семей өңірінің транзиттік потенциалы аса жоғары екенін жеткізді. Сонымен қатар, еліміз бойынша үшінші теміржол желісі саналмақ Бақты-Аягөз жобасына да тоқталды. Алдағы уақытта бөлімше басшысының төрағалығымен жұмыс тобы құрылып, екі ел шекарасындағы 270 шақырымды «жаяу» жүріп өту жоспарлануда екен. Осыған дейін Дегелең-Ақсу, Шар-Өскемен теміржол тораптарын салуға қатысқан семейлік теміржолшылардың станциялар мен жол айрықтарын ұйымдастыруда мол тәжірибесі бар. Оның үстіне жаңа облысқа жаңа серпін беретін жобадан күтілер үміт көп екенін жеткізген бөлімше басшысы сонымен қатар Президент басымдық беріп отырған ұлттық компанияның трансформациясы жайында да пікір білдіріп өтті. 

Кездесу барысында теміржолшылар Қор өкілдеріне Семей сынақ полигоны аумағында тұратын теміржолшылар үшін берілетін экологиялық өтемақы мен демалыс, еңбекті қорғау, ұжымдық шарт, басқа да өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тиісті жауап алды.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті