Ми қайнатар ыстықта қызылордалық теміржолшылар жұмыс істеуде

Аймақтар
22.07.2022, 12:52
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордада күн күйіп тұр, кеше ауа температурасы +45 градустан асып кетті. Аспан айналып жерге түсетін ми қайнатар ыстықта аймақ теміржолшылары үшін жұмыс уақыты шектелмек.

Жаз маусымында аймақтағы теміржолшылар үшін жұмыс кестесі таңалакеуімнен басталып жатыр. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты компания мен бөлімше басшылығы тарапынан берілген пәрмен солай.  

– Маусым айында ЦУДБ Шакеновтің 08/06-22 нр0006 А бұйрығы жарияланып, қазіргі таңда осы бұйрық бас- шылыққа алынып, теміржолшылардың аптап ыстықта ашық аспан астында қалып, денсаулығына зиян кел- тірмеу жолдары жасалуда, – деді қырық күн шілдеде теміржолшылардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаралар жайында айтып берген жол шаруашылығының ревизоры Әмір Жүсіпбеков.

Басшылық пәрменімен ең алдымен теміржолшылар- дың бас амандығы назарға алынған. Сондықтан аптап ыстықта жұмыс сағатын ыңғайлы ұйымдастырып, оның бақылануы ескерілген. Аса бір мәжбүрлік жағдайда болмаса қатты ыстықта ашық аспан астында жұмыс істеуді шектеу, сонымен қатар жол бойын жаяу жүріп тексеруден өткізуді, түйіспесіз жолдарды маусым-шілде айларында бақылаудан өткізуді, ауа температурасы жоғары деңгейге жеткенде жол жұмыстарын жасауды шектеу, ауыр жол машиналарымен, көтергіш құралдармен, құрылғылармен жұмыс жасаған уақытта абай болып, мүмкін болса жұмысты шектеу, шұғыл қажеттілік туындаған жағдайда перегонды жауып, рельс тізбектеріндегі температура деңгейін ескере отырып, ең кемі жол дистанциясы басшысы орынбасарының қадағалауымен ғана толаскез өткізуге рұқсат етіледі. 

Сапарға шыққан локомотив бригадаларына да ыстықта учаскелік жылдамдықты азайтып, аса сақ болуды ескертіп, қосымша инструктаж өткізу, сонымен қатар жұмыс аумағына ескерту белгілерін қоймай жұмыс жасап жатқан жолшылар бригадасын кездестірген жағдайда шара қолдану үшін станция кезекшілеріне хабарлау міндеттелген. 

Барлық деңгейдегі ревизорлар осы бұйрықтың орындалуын бақылауға алып, қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төнген уақытта ескерту беруі керек. Сонымен қатар жұмыс кезінде теміржолшылардың бір-бірінің әрекетін көре алатын қашықтықта, бірін-бірі бақылап жүруі сұралады. Негізгі жұмыс көлемі күннің таңертеңгі және кешкі салқын мезгілінде атқарылып, қалған уақытта жұмыс нысанының қатаң бақылауда ұсталуы талап етіледі.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда