Маңғыстау станциясында мұнайы бар цистернадан өрт шықты - оқу-жаттығу

Аймақтар
22.07.2022, 13:53
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау станциясының 42-тұйығында мұнайы бар цистернадан өрт шығып, жергілікті өрт сөндіру қызметтері тілсіз жаумен қалай күресті?

Маңғыстау станциясында өткен кезекті оқу-жаттығудың сценарийі осылай өрбіді... Өртке қарсы қызмет өкілдері мен техникалар шұғыл жиналып, тілсіз жауды ауыз- дықтауға бас-аяғы 22 минут уақыт кетті. Абырой болғанда өрттің тарауына жол берілмей, дер кезінде қауіптің алды алынды. 

«Маңғыстау станциясының 42-тұйығында мұнайы бар цистернадағы өртті сөндіру» тақырыбында өткен өрт-тактикалық оқу-жаттығуына мемлекеттік өртке қарсы қызметі, №48 өрт сөндіру пойызы және азаматтық қорғаныс саласының өртке қарсы қызметтері қатысты.

Өртке қарсы дайындықты пысықтаған іс-шара жоспар бойынша 14 шілде күні күндізгі сағат 11:10-да басталды. Станция қызметкерлерінен 42-тұйықта мұнай тиелген №76752823 цистернадағы өрт туралы хабарлама келіп түскеннен соң тиісті қызмет өкілдері дереу іске кірісті. Маңғыстау станциясындағы өрт сөндіру пойызының дайындық сапына келтіріліп, оқиға орнына келуі үшін 10 минут кетті. 11.15-те жауынгерлік есеппен әрқайсысы 6 адамнан тұратын бір АЦ-8-40 «КАМАЗ», АЦ- 5-40 «Урал», АЦ-2,5 «Зил», АЛ-37 «КАМАЗ» техникалары келіп жетті. 

– 11.20-да өртті сөндіруге кірістік. Су, көбік берумен жауынгерлік қанат жаю жүргізілді. Бір жақтан су себілсе, екінші тараптан көбікті шашып, сағат 11.30-да өрт ауыздықталды. 11.32-де түгел өшіріліп, қызметтер таратылды. Өртті сөндіруге 22 минут кетті. Оған бізден бір өрт сөндіру пойызы мен 10 адам қатысты. Су шығыны – 7,2 тонна, көбік 21,6 литр болды, – деп ақпарат берді Маңғыстау өртке қарсы қызмет жасағының бастығы Қайырхан Таласов. 

Айтуынша, жаттығу дағды мен дайындықты шыңдайды.  

Өрт қаупі өршіп тұрған аптап ыстықта жұмыстарын ширата түскен өрт сөндірушілер биылдыққа сегізінші тактикалық оқу-жаттығуын өткізіп отыр.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға