Желі бойының тазалығына кім жауапты?

Аймақтар
27.07.2022, 10:09
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар алдына көптен қордаланған тағы бір мәселе көлденең қойылып отыр. Ол – қалаға кіреберіс желі бойының қос қапталындағы қоқыс проблемасы. Жаңадан құрылған Абай облысының орталығы статусы берілгесін семейліктерге жауапкершілік екі есеге артты. Соның ішінде теміржолшыларға жүктелер міндет аз емес.

«Сырт көз – сыншы». Алаш елінің рухани астанасы саналатын жаңа облыс орталығы Семей шаһарында шартараптан сан тарау жолдар тоғысады. Әлбетте, алыс-жақыннан қатынайтын жолаушылар көп жағдайда пойызды таңдайтыны белгілі. Қынжылтарлығы сол, әсіресе қыс пен ерте көктемде қалаға кіргеннен-ақ көзге ұратын жайт – теміржолдың қос қапталындағы шашылған қоқыс пен үйілген күлтөкпелер. Оның көпшілігі жеке сектордағы тұрғын үйлерден шығады. Яғни, экология мен санитарлық тазалық сын көтермейді. Ал оған тек жолшылар жауаптыдай-ақ өз күштерімен қоқыс жинап, жиі-жиі тазалық шараларын ұйымдастырады. Бөлімше басшысы Владимир Бабиченконың бастамасымен осыған дейін де бірнеше мәрте сенбілік өткізіліп, желінің қос қапталы, станция басы толық тазаланған. Бұл тараптағы жұмыстар бөлімшенің әкімшілік-шаруашылық бөлімі бастығы Бауыржан Бужеевтің ұйымдастыруымен ендігі аралықта тіптен жиі жүргізілетін болады.  

– Әсіресе, теміржол желісі көктей өтетін РСУ-1, «темір жол ауданы», желі іргесінде орын тепкен көтерме сауда базары мен «Жансая» сауда кешенінің, «Спартак» алаңының маңы, жеке секторлардың айналасы тұрмыстық қалдықтарға жиі толып кетеді. Жаңа-Семей станциясының аумағы ерекше алаңдатады. Қоқыспен күрес теміржолшылардың негізгі жұмысына айналған десе де болғандай, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің мамандары. 

Осыған дейін бөлімше басшылығы қала ішімен өтетін және шаһар қақпасы болып табылатын темір жолға іргелес аумақтарды ретке келтіру бойынша елеулі жұмыстар жүргізді. Мәселен, учаскелік полиция қызметкерлері желі бойындағы жер үйлерді аралап, тұрғындарды тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша сервистік ұйымдармен келісім-шарт жасауға шақырды. Сондай-ақ, темір жолға жақын орналасқан, өз аумақтарын құрылыс материалдары қалдықтарынан тұратын күлтөкпелерге және стихиялық қоқыс тастайтын орындарға айналдырған гараж кооперативтерінің, шаруашылық кәсіпорындарының басшыларымен әңгіме жүргізілген. Нәтижесінде қалаға кірген жолаушылар пойыздарының терезесінен қарағандағы көрініс әлдейқайда өзгерді. Дегенмен, Мұрат Мамырбаев басқаратын ПЧ-40 мекемесі теміржолшыларының айтуынша, бұл мәселеге нүкте қоюға әлі ерте. Жеке сектордағы тұрғындар әсіресе қысқы жылу маусымында желі бойын тегін күлтөкпеге айналдырады. Сонымен қатар, желінің қос қапталындағы ірілі-ұсақты мекемелер басшыларына да тың міндеттемелер жүктелгенді. Олар тазалықпен қоса сырлау, көріктендіру жұмыстарын да қатар жүргізулері тиіс. Бұл шараларды қалалық ішкі істер басқармасына қарасты табиғатты қорғау полициясы қадағалайтын болды. Ал, теміржол бойын ластап, күл-қоқыс төккен жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш, ал заңды тұлғаларға 30-дан бастап 100 АЕК-ке дейін айыппұл салу ісі әзірге тұшымды нәтиже бермей тұр. Тұрғындар теміржол бойына қоқысты ұрланып келіп түнгі мезгілде тастап кетеді екен. 

– Жолаушылар үшін қалаға кіре-беріс табалдырықтан басталады, яғни кіреберістегі теміржол бойынан жағымсыз пікір қалыптаспауы қажет. Әрине, сенбілік жұмыстарын тұрақты жүргіземіз. Қала ішіндегі желі бойында әрбір теміржол мекемесіне жүктелген жеке телімдер бар. Ақиқатын айтқанда желі бойының тазалығы теміржолшылардың арқасында ғана әлі де болса сақталып тұр, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесі кадр бөлімінің басшысы Данияр Баймағұлов. 

Бұл әрине әділдікке жатпайды. Себебі, шаһар ішін көктей өтетін желінің қос қапталы қалалық әкімдіктің теңгерімінде екендігі белгілі. Әйтсе де, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары мәселені «тұрғындардың ұятына» қалдырып, шамалары келмейтінін ашық айтады.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті