Тораптық станция диспетчері

Аймақтар
05.08.2022, 10:40
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздегі ірі тораптық станция Павлодарда жиырма жыл станциялық диспетчер болып жұмыс істейтін Эрик Сүлейменовті әріптестері өте талапшыл, сауатты, білікті ұйымдастырушы деп біледі. Кейіпкеріміздің жалпы темір жол саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асып жығылады.

Эрик Кәрімұлы Павлодардағы кәсіптік білім беретін оқу орнын бітіріп, теміржол саласындағы еңбек жолын Тың темір жолына қарасты Павлодар-Оңтүстік станциясында пойыз құрастырушының көмекшісі болып бастаған. Екі жылдан соң пойыз құрастырушы болды. Бұдан кейінгі жылдары тәжірибе жинақтап, электрлік орталықтандыру қосынының кезекшісі, станция кезекшісі жұмыстарын атқарды. 2002 жылдың 1 наурызынан бастап станциялық диспетчер қызметіне тағайындалып, күні бүгінге дейін еңбек етіп келеді. Станциялық диспетчер ретінде тәжірибесі мол маман жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында күрделі өндірістік жағдайларда оңтайлы шешім тауып, білімі мен біліктілігін көрсетіп келеді. Павлодар станциясының жұмысын тиімді ұйымдастыру оңай жұмыс емес. Ауысым бастығы ретінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөліп, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын, еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту, кадрларды тәрбиелеу мәселелерін назардан тыс қалдырған емес. Әріптестері Эрик Сүлейменов станциялық диспетчер ретінде жиырма жылдық тәжірибесі бар майталман маман бола тұра, жұмысына кіріскенде лауазымдық міндеттерін үлкен жауапкершілікпен адал атқаратынын айтады.

Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%