Жаңа типті қосын салынды

Аймақтар
05.08.2022, 10:54
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясы Құлсары-Бейнеу телімінің 467-бекетіндегі ескі электрик орталықтандыру қосынын жаңа типті модернизацияланған постқа ауыстырды. 

Жаңа ЭО-пост жұмысты әлдеқайда жеңілдетті, ең бастысы шапшаңдық пен сенімділік шұғыл әрекет етуге, өнімді жұмыс жасауға мүмкіндік берді. 

– Мұнда бағдаршамдар, бұрмалар, басқа да белгі беру құрылғылары автоматты түрде басқарылады. Айта кетерлігі, дистанция мамандары ЭО қосынының жаңа ғимаратқа көшіріліп, желілерді қайта жалғау жұмыстарын өз күштерімен жүргізіп, барлық тетіктерін іске қосты. Енді қыркүйек айына 465-бекетін де жаңа типті модернизацияланған электрлік орталықтандырылған постқа ауыстыру жұмыстары жоспарланып отыр, – дейді бөлімшенің СОБ және электрмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Амангелді Бержанов. 

Сондай-ақ, былтырғы жылы сигнализация және байланыс шаруашылығы бойынша бірқатар учаскелерде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүріп бара жатқан жылжымалы құрамның техникалық жағдайына автоматты бақылау жасайтын КТСМ құрылғысы іске қосылған болатын. Құлсары және Атырау дистанцияларында Мақат-Құлсары учаскесі бойынша Бек-Бике разъезінде, Құлсары-Бейнеу учаскесінде Қоркөл станциясында, Атырау-Ақсарай учаскесі бойынша Тұманды мен Д.Нұрпейсова бекеттерінде 7 дана контейнерлік типтегі жаңартылған модульді техникалық құралдар кешені орнатылған. Биылғы жылдың 3-ші тоқсанына да Атырау белгі беру және байланыс дистанциясында Атырау-Қиғаш телімінің Аққыстау, Исатай, Афанасьево бекеттеріне пойыз қозғалысы кезінде жылжымалы құрамның техникалық жағдайын автоматты түрде бақылауға арналған 6 дана жаңартылған контейнерлік техникалық жабдықтар кешенінің жүріс модульдерін орнату жұмыстары жоспарланып отыр.

Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%