Жолаушы вагонына – сапалы қызмет

Аймақтар
05.08.2022, 11:10
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

«Вагонсервис» АҚ-ның Маңғыстау телімінде жұмыс қызып тұр. Теміржолшылар жолаушы тасымалы артқан маусымда вагондарды уақытылы сапарға дайындап жолға салу үшін барын салып жатыр.

Ең үлкен бағыттардың бірі – №037-038 пойызы қатынайтын Маңғыстау-Семей бағдары. Бұл – жұп күндері келетін құрам. Сондықтан бұл күндері ТҚ-1 техникалық қызметінен күніне 1-2 құрам өтеді. Жалпы бағытта үш құрам, әрқайсысында 17-18 вагоннан бар. Кейде билетке сұраныс көбейіп, қосымша вагондар шығарылса, бұл қызметке жүгінетін вагондар саны да арта түседі екен.  

– Бір-екі жыл бұрын Маңғыстау-Алматы пойызының екі құрамасына қызмет көрсететін едік. Ол қазір Алматыдағы әріптестеріміздің еншісінде. Бізде енді қатынасы жағынан Семейге қатынайтын пойыздан кейінгі орында тұрған бағыттар – Маңғыстау-Атырау- Ақтөбе. Бұлар екі күн сайын келіп, қызметін алып кетеді. Одан бөлек халықаралық бағытта жүретін төрт вагонымыз бар. Ол – Маңғыстау-Астрахань тіркеме вагондары. Оған тақ күндері қызмет көрсетіледі. №657-658 Маңғыстау-Бейнеу жекеменшіктегі қаламаңы тасымалы да бізден қызметтен өтеді. Оның екі құрамы бар, жүргендіктен тиісті қызметте күнде жасалады. Жалпы, қай-қайсы маршрутта, қандай пойыз болмасын бәріне техникалық қызметті сапалы және дер уақытында көрсетуге күш саламыз, – дейді «Вагонсервис» АҚ Маңғыстау телімінің шебері Қосай Сейтқалиев. 

Мекемеде осы айдың ішінде 7 вагонға ТҚ-3 санатындағы жөндеу жүргізілген. Жарты жылдан өтетін мұндай жөндеуге келесі айда тағы да 20 шақты вагон жоспарланған. Сонымен қатар жақында оншақты вагон жылына бір рет жасалатын деполық жөндеуге Қызылордаға жіберілген. Бұл вагондар сол жақта толық ревизиядан өтіп, ақаулары жөнделіп, 20-25 күннен кейін келіп, қатарға қайта қосылады екен.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл