«Үздік дәнекерлеуші-2022» кәсіби шеберлік байқауы өтті

Аймақтар
05.08.2022, 11:35
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Атбасар электровоз жөндеу зауытының базасында алғашқы рет «Үздік дәнекерлеуші-2022» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Оған «Қамқор Локомотив» компаниясының барлық филиалдарынан келген мамандар қатысты.

Байқаудың мақсаты – дәнекерлеуші мамандар теориялық және практикалық білім-біліктіліктерін көрсетіп, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру. Сонымен қатар еңбек ұжымының үздік дәстүрлерін сақтауда және жұмысшы мәртебесін арттыруда маңызы зор дейді оны ұйымдас- тырушылар.

– Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде дәнекерлеушілер теориялық білім жарыстырып, компьютер арқылы тестілеу сұрақтарына жауап берді. Бұл сайыс балдық жүйе бойынша бағаланып, нәтижесі автоматты түрде шығарылды. Екінші сайыс практикалық біліктілікті тексеруге негізделген. Яғни, дәнекерлеушіге қандай да бір бөлшек беріледі, ол оны белгілі бір уақыт ішінде дәнекерлейді. Нақты бір әдістеме арқылы дәнекерлеу жұмысының сапасы, шапшаң пісірілуі, тігісі, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы тексеріледі. Осы екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік дәнекерлеуші анықталды, – дейді «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің техникалық директоры Жанатбек Адамбаев.

Байқау барысында оған қатысушылар диаметрі 150 милиметрлік құбырды дәнекерледі. Оны пісіру барысында дәнекерлеушілердің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы, жеке қорғану құралдарын киюі, тағысын тағы талаптардың сақталуы бақылауға алынды. Комиссия қорытындысы бойынша бірінші орынды атбасарлық Дархан Мұстафиннің жұмысы жоғары бағаланып, жүлделі 1-орынға лайық деп танылды. 2-орынды елордадан келген Тимур Зейналиев, ал үшінші орынды тараздық Михаил Горьковий еншіледі.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?