Атыраулықтар теміржолшылар кәсіби мерекесін биыл да ерекше ықыласпен қарсы алды

Аймақтар
09.08.2022, 11:36
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі жолында жылдың төрт мезгілінде де тынымсыз еңбектенетін теміржолшылар үшін кәсіби мереке саналатын күнді атыраулықтар биыл да ерекше ықыласпен қарсы алды.

Айта кетерлігі, биыл Атырау өңірінен «Құрметті теміржолшы» атағына үш адам ұсынылды. Олар – Ақжайық станциясының бастығы Е.Темірғалиев, Атырау магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері А.Рахмеденов және Қарабатан станциясының кезекшісі Г.Таженова. Үшеуі де марапаттарын елордаға барып, ҚТЖ басшылығы қолынан алды.

Сонымен қатар, Атырау локомотив пайдалану депосының бастығы Қ.Таутанов «Үздік басшы», логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімінің инженері Л.Әлімжанова, қызметкерлермен жұмыс бөлімінің инспекторы Г.Хайруллина, вагон пайдалану депосының өндірістік оқыту шебері А.Иманғазиева, Атырау локомотив пайдалану депосы бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Б.Жұмалиев «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, Атырау вагон пайдалану депосының Ганюшкино станциясы бойынша техникалық қызмет пунктінің бастығы Ә.Мұсағалиев пен Атырау локомотив пайдалану депосы есеп бөлімінің бастығы Г.Санкибаева «Кәсібі бойынша үздік», Ақжайық станциясының пойыз құрастырушысы А.Копреев, логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімінің жетекші инженері С.Меңдіғалиева, өндірістік техникалық бөлім бастығының орынбасары Н.Матаева «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталды. Тағы бірқатар мамандар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы, «Жүк тасымалы» АҚ Басқарма басшысының, қала әкімнің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен марапатталды. Есімі «Құрмет тақтасына» жазылған мамандар мерейі де арта түсті.

Атырау магистральдық желі бөлімшесінде де салтанатты жиын өтіп, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен Атырау электрмен жабдықтау дистанциясының механикалық шеберхана бастығы М.Садыхов, Атырау вокзалы бастығының орынбасары М.Әбілова мен Құлсары дистанциясының жол жөндеушісі Ж.Оразғалиевтар марапатталып, көптеген мамандар Магистральдық желі дирекциясы және өңірлік филиал басшылығының Алғыс хатына, «ҚТЖ-25 жыл» төсбелгісіне ие болды.

Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%