Семейде майталман теміржолшылар марапатқа кенелді

Аймақтар
09.08.2022, 12:12
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар үшін биылғы кәсіби мереке ерекше есте қалары анық. Ұлттық компанияның 25 жылдық мерейтойы ел шығысында да кең көлемде аталып өтіп, майталман теміржолшылар марапатқа кенелді.

Қалалық Мәдениет сарайында өткен мерекелік салтанатты шарада сөз алған бөлімше басшысы Владимир Бабиченко отандық теміржол саласының бүгінгі таңда қол жеткізген биігі мен жалпы ширек ғасырлық тарихына тоқталды. Сонымен қатар, алдағы мақсат-міндеттер де сөз болды. Бұл ретте Мемлекет басшысы жүктеген айрықша маңызды міндет – Аягөз-Бақты теміржол телімін салуға қатысты жүргізілетін жұмыс алдымен назарға алынды.

Сондай-ақ, салтанатты шара барысында теміржолшыларды Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов пен салалық кәсіподақ ұйымының бөлімше бойынша төрағасы Алик Досанов құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.

Келесі кезекте кәсіби қызметте еселі еңбектерімен танылып жүрген теміржолшыларды марапаттау рәсіміне кезек берілді. Биылғы басты ерекшелік сол, Семей ЖТ бөлімшесінің төрт бірдей қызметкері «Құрметті теміржолшы» атанды. Олардың қай-қайсысы болмасын құрметке лайық. Мәселен, елорда төрінде өткен салтанатты жиында ұзақ жыл белгі беру және байланыс саласында қажырлы еңбек еткен, «Түрксіб» мұражайының негізін қалаған ардагер Мақсұт Көшжанов, еңбек жолын қатардағы жол жөндеушіден бастап Семей жол дистанциясының басшысы деңгейіне көтерілген Рахат Ботаспаев сынды теміржолшылар құрметті атаққа әбден лайық екені талас тудырмайды.

Сонымен қатар, Нұрлан Жақсылықұлы, Мырзабек Керейбаев, Мұрат Мұқажанов, Зульфия Еникеева, Наталья Мешкова, Дайырбек Досанов, Бекзат Кәрімханов, ұзақ жылдар Семей вокзалын басқарған ардагер теміржолшы Нағима Мойынбаева сынды теміржолшылар түрлі деңгейдегі марапатқа ие болды. Сала кәсіподағының 30 жылдық мерейтойына орай арнайы шығарылған төсбелгімен марапатталғандар қатары да аз болмады.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті