Достық станциясының теміржолшыларын құттықтады

Аймақтар
09.08.2022, 12:22
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Шекарадағы Достық станциясының теміржолшыларын төл мерекемен еліміздің өнер жұлдыздары да құттықтап, әннен шашу шашты.

Станция бастығының міндетін атқарушы Мақсат Мамбетқұлов теміржолшыларды мерекемен құттықтап, марапаттарын табыс етті. Атап айтқанда, станцияның 18 қызметкері мен түрлі құрылымдық бөлімшелердің 23 теміржолшысының мерейі үстем болды. «Адал еңбегі үшін» белгісімен пойыз құрастырушы Марат Мейізбаев, «Кәсібі бойынша үздік» атағымен тасымалдау құжаттарын өңдеу агенті Қуатбек Қоңырбаев, «Үздік маман» атағымен жүк және багаж іздеу бюросының меңгерушісі Мейрамгүл Омарбаева марапатталды. Одан бөлек ұлттық компания басшысы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшысының марапаттары табысталды.

Теміржолшылардың балалары арасында мерекеге орай ұйымдастырылған «Достық станциясының болашағы» атты сурет салу байқауының нәтижелері де жария болды. Қазылар алқасының шешімімен 3 баланың суреті жоғары бағаланып, авторларына сыйлықтар берілді. Мерекелік іс-шара көңілді концерт пен спорт ойындарына жалғасты. Бағдарлама аясында еліміздің эстрада жұздыздары – Ерлан Али, Renzo тобының әншісі Есет Жарылқасынов, Берік Сансызбай, Мұхтар Албан теміржолшыларды құттықтап, әннен шашу шашты. Кеш соңы мерекелік отшашуға ұласты.

Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%