Мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді

Аймақтар
20.09.2022, 10:44
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жуырда Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясында Қазақстан темір жолындағы «Өнертапқыштық міндеттемелер» тақырыбында тренинг өтті. Шараға теміржол мекемелеріндегі рационализаторлық жұмыстарға жетекшілік ететін жауапты мамандар қатысты.

Жиынды ашқан Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Ғылыми-техникалық ақпарат және сараптау орталығының басшысы Динара Жанұзақова өнертапқыштық тек қана өндірістік процестерді жақсарту мақсатында ғана жүргізілмей, ұжымдық-шығармашылық атмосфераны қалыптастырып, командалық ынтымақ беріктігінің де көрсеткіші деді. 

Жалпы, бүгінгі күні Ғылыми-техникалық ақпарат және сараптау орталығының басшылығымен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі өзіне қарасты 20 мекемеде өндірістік-экономикалық міндеттемелерді үйлестірсе, Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі станциялардан бөлек Жамбыл вагон жөндеу депосы, Жамбыл локомотив пайдалану депосы және Шу локомотив пайдалану депосында өндірістік-экономикалық міндеттемелерді үйлестіріп отыр. 

Осы жылы Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының метролог-экологы Дәулетхан Шөкеев 2021 жылдың қорытындысымен «Үздік өнертапқыш» атанып, арнайы төсбелгімен марапатталды. Болат жолда еңбек етіп келе жатқан жылдар белесінде ол 25 өнертапқыштық ұсыныс жасап, өндіріске енгізген. Оның ішінде қомақты қаржылық экономикалық тиімділігін көрсетіп отырған төрт ұсыныс бар. 

– Тренингке қатысушылар Өнертапқыштық міндеттемелер тәртібінің жаңа бұйрықтарымен және өзгерістерімен танысты. Сондай-ақ, жұмысты бағалау критерийлерінің өзгерістері мен өндіріске енгізілген өнертапқыштық ұсыныстарды қаржылай өтеу мөлшерін, формасын, өнертапқыштық міндеттемелерді қалай құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету жолдарын талқылады. Қатысушылардан өнертапқыштық ұсыныстарды сауатты рәсімдеу бойынша тест алынды. Тапсырмалар берілді, – дейді Динара Болатқызы. 

Айтуынша, тренинг мамандарға айтарлықтай әдістемелік көмек көрсеткен. Осы жылдың екінші тоқсанында Жамбыл бөлімшесі бойынша 28 өнертапқыштық ұсыныс қабылданып, оның 27-і өндіріске енгізіліп отыр. Жоспар 96,4 пайызға орындалған. Жиын соңында үздік идеяларымен көзге түскен өнертапқыштар марапатталды. 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл