Тепловоз бен локомотивтерге сапалы сервистік қызмет көрсетіледі

Аймақтар
27.09.2022, 10:23
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласында орналасқан «SGM-Group» ЖШС – теміржол машиналарына техникалық қызмет көрсететін ірі кәсіпорын. Локомотив депосының базасында құрылған кәсіпорын түрлі сериялы тепловоз бен локомотивтерге, соңғы үлгідегі теміржол машиналарына техникалық және сервистік қызмет көрсетеді.

 Сонымен қатар, жолаушылар вагондары мен олардың жабдықтарын күрделі жөндеуден өткізеді. Өткен аптада Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов пен Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық «SGM-Group» ЖШС-нің өндіріс орнында болып, нысанның экономикалық әлеуетін арттырудың жай-күйін талқылады.  

Қайрат Мұратұлының пікірінше, теміржол саласында озық технологиямен жұмыс істеуге бейімделген «SGM-Group» ЖШСнің облыс экономикасын көтеруде маңызы жоғары. Мекеменің Арыс қаласында орналасуы қаншама жергілікті тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына септігін тигізіп отыр.  

Кәсіпорын басшысы Бауыржан Ескермесов «SGM-Group» ЖШС «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның салалық ведомстволарымен   өзара әріптестікті нығайта отырып, табысты қызмет етудің мүмкіндіктерін сөз етті. Бүгінде «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС мен «SGM-Group» ЖШС арасындағы өзара тығыз әріптестік нәтижесінде, отандық KZ8A сериялы электровоздарға жоғары деңгейде технологиялық сервистік қызмет көрсетілуде. Айтуынша, сервистік қызмет сапасы жоғары, артық сын айтылған емес.  

Одан бөлек, кәсіпорын ВЛ80С, ВЛ60, ВЛ40М сериялы электровоздарға ТО-4, ТО-6, ал ТЭМ-2 сериялы тепловоздарға ТҚК-3, ТҚК-4, ТҚК-6, ТҚК-7, ТҚК-8 техникалық қызметтерін ұсынады. Сондай-ақ, мұнда ДРС630М (Польшаның Pesa өндірісі) дизель-рельсті құрамына ТҚ-3 пен ТҚ-6 және ТҚ-7 қызметінен бөлек, жолаушылар вагондарына деполық немесе күрделі жөндеу жүргізіледі.

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты