Семейде салалық кәсіподақтың 30 жылдығына орай арнайы жиын өтті

Аймақтар
04.10.2022, 09:50
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде салалық кәсіподақтың 30 жылдық мерейтойына орай арнайы жиын болып өтті. Жиынға бөлімше басшылары, жастар ұйымының жетекшілері мен салалық кәсіподақ ұйымдарының белсенділері және кәсіподақ ардагерлері қатысты.

 Бөлімше кәсіподағының төрағасы Алик Досанов салтанатты жиынды ашып, осы кезеңге дейінгі кәсіподақ қызметі туралы баяндама жасап, байтақ желі бойындағы теміржолшылар игілігі үшін атқарылған шаралармен таныстырып өтті. Бұл орайда ұжым арасындағы еңбек дауларын реттеуден бастап, сала еңбеккерлерінің бос уақыттарын тиімді өткізулеріне де атсалысып жүрген бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жіпке тізіп шықты.  

Ал келесі сөз кезегін алған Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Владимир Бабиченко ұжымдық еңбек шартын әзірлеу мен оның басымдықтарын жүзеге асыруда жергілікті кәсіподақ ұйымының үлесін баса атап өтіп, баршаны мерейтоймен құттықтады. Семей магистральдық желі бөлімшесі басшысы Айдын Шәукежанов та ізгі тілегін жеткізді.  

Ал арнайы шақырылған қонақ – Семей аймақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы   Сәбит Ибраев бүгінгі таңда Абай облысындағы ең үлкен ұжым саналатын Семей теміржолындағы кәсіподақ қызметінің еңбегіне жоғары баға берді.  

Кәсіподақ ардагерлері, әйгілі династия өкілдері Тұрсынғазы Жарылғапов пен Нағима Мойынбаева да бүгінгі әріптестеріне еңбекте табыс тіледі. Сол тәрізді бірқатар шараларда демеушілік танытып жүрген кәсіпкер азамат, қалалық мәслихат депутаты Андрей Алтайбаев да құттықтау тілегін жолдады.  

Жиын әрі қарай желі бойындағы бірқатар кәсіподақ белсенділерін Қазақстан кәсіподағының 30 жылдығына арналған мерейтойлық белгімен марапаттауға ұласты. Олардың арасында Семей жол дистанциясының кәсіподақ төрағасы, әйгілі жолшы Жексенбай Жолдоболинов, Аягөз локомотив пайдалану депосының кәсіподақ төрағасы Ғалинұр Мырзашев, Жаңа-Семей жол дистанциясының кәсіподақ төрайымы Зульфия Еникеева сынды белсенділер болды. Сол тәрізді «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы, әйгілі футболшы Жанат Мойынбаев, НЖС-6 кәсіподағының төрағасы Айдар Оспанов, Семей станциясындағы кәсіподақ төрайымы Шәрбат Мейірманова «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаевтың грамотасын иеленді. Тағы бірқатар теміржолшылар қоғамдық өмірдегі қалтқысыз қызметі үшін алғыс хат алды. Кәсіподақ ардагерлеріне арнайы әзірленген мерекелік сыйлықтар тарту етілді.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті