Кәсіподақ: Басты назарды өндіріске аударамыз

Аймақтар
04.10.2022, 10:23
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Түлкібас жол дистанциясының кәсіподақ комитеті үздік атанған ұйым. Кәсіподақ филиалының төрағасы Тахир Дадабаев мекеме өміріндегі маңызды істерде кәсіподақтың қандай рөл атқаратынын айтып берді.

Оның айтуынша, кәсіподақ дистанция өміріне белсене араласады, мысалы, техникалық сабақтардың кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы үшін заманауи техникалармен жабдықталуына кәсіподақтың үлесі зор. Ғимарат аумағында тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған полигон салынған. Өндірістік оқыту шебері мен еңбек қорғау кабинеті кәсіподақ қаржысының арқасында кинопроекторлармен жабдықталып, жөнделген. Бастапқы ұйым көмегімен асхана қолданысқа беріліп, барлық кабинеттерге жиһаздар, тұрмыстық бұйымдар алынған. 120 орындық акт залға күрделі жөндеу жүргізуге де кәсіподақ ұйымы көмегін берген. Сонымен қатар дистанция қызметкерлерінің күшімен әкімшілік ғимараттың сыртына косметикалық жөндеу жасалған.  

– Басты назарды өндіріске аударамыз. Кәсіподақ, сонымен қатар жасанды құрылымдар   цехын, шеберхананы, ақау табу цехы мен 5, 11 айналымдарды жиһазбен жабдықтауға атсалысты. Барлық күзетілетін өткелдерге шәйнек, жылыту құралдары, тамақ ысытатын пештер, қол жуатын жабдықтар алып бердік. Ірі тораптық станциялардағы өткелдерге кішкентай тоңазытқыштар алынды. Сондай-ақ бізге теміржолшылар көбіне өздерінің немесе отбасы мүшелерінің денсаулығына байланысты қаржылай көмек сұрап, жүгінеді. Сол   тұрғыда да тұрақты көмек беріледі, – дейді ұйым басшысы.  

Ғасырлық тарихы бар жол дистанциясында кәсіподақ ұйымын басқарумен қатар негізгі жұмысы персонал жөніндегі менеджер болып еңбек ететін Тахир Дадабаев – осында еңбек еткен бірнеше буын теміржолшылар династиясының ұрпағы. Оның бұл қызметті қоса атқарып келе жатқанына екі жылға жуықтады. Өзімен бірге кәсіподақ жұмысына тағы бес қызметкер тартылған.  

Бүгінде 271 адам еңбек ететін дистанция Түлкібас-Жамбыл бағытындағы теміржолдың күтімін жасауға жауапты. Олардың бәрі дерлік кәсіподаққа мүше. Дистанцияда үш өндірістік телім, 11 айналым, ақаутапқыш цехы, шеберхана және жасанды құрылыстар цехы бар. 2018 жылы жастар форумында дистанция ҚТЖ бойынша «белгі беруші датчик» жобасын ұсынып, бірінші орын алды. Бұл құрылғы қазіргі таңда компания басшылығының қадағалауында.  

Түлкібастық кәсіподақ жетекшісі биыл еліміздегі емдеу-сауықтыру санаторийлеріне баруға дистанцияның 20 қызметкеріне жолдама берілгенін, сондай-ақ 23 бала жазғы лагерьде демалып қайтқанын айтты. «Мектепке жол» акциясы аясында мекемедегі көп балалы және аз қамтылған 23 отбасының балаларына көмектескен. Кәсіподақтың 30 жылдығы аясында және теміржолшылардың төл мерекесі қарсаңында түрлі спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастыруда да кәсіподақ белсенді жұмыс жүргізуде.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті