Сенім – бәрінен биік

Аймақтар
04.10.2022, 11:48
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Нарықтық заманда кәсіподақ жұмысының маңызы мен пәрменін жоғалтпай, керісінше беделін көтеру жолында тер төгіп жүрген азаматтар аз емес. “ҚТЖ-Жүк тасымалы” ЖШС Ақтөбе филиалының кәсіподақ төрағасы Самат Әлиев те теміржолшылардың әлеуметтік әлеуетінің артуы жолында қызмет етіп келеді.

Самат Ұлмағамбетұлы ұзақ жыл теміржолдың жолаушы тасымалы саласында еңбек еткен. Соңғы бес-алты жыл “Ақтөбе - ЖТ” филиалында кәсіподақ төрағасы. Батыс өңіріндегі үлкен филиалдың кәсіподақ жұмысын ұйымдастырып, оның міндетін абыроймен атқарып келеді.  

– Кәсіподақтың жұмысы не? Біздің жағдайымызда, мысалы, ол – теміржошы халықтың адвокаты болу деген сөз. Ұжымдық шарт талаптарына сәйкес теміржолшылардың еңбек ету құқығын реттеп отырудың артында көп нәрсе жатыр: жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бұзылмауын, еңбек қауіпсіздігін бақылап, жұмыс беруші мен жұмысшының арасында дәнекер болу үшін кәсіподақ өкілінің өзі алдымен сауатты, жан-жақты білімді, іскер болуы керек, – дейді кейіпкеріміз.  

Аймақ кәсіподағының теміржолшылар арасында беделі артып, сенімге ие болып отыруының да сыры осында жатса керек. Кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен биыл балалардың демалыс лагері кең көлемде ұйымдастырылып, екі жыл карантиннің есесін толтырды. Қарантин демекші, Самат Ұлмағамбетұлы кешегі індет кезінде бір отбасыдай жұмылған теміржолшылар мен сала кәсіподағының жұмысы кім-кімге де үлгі болады деп санайды. «Басқа салаларды білмеймін, теміржолда әр жұмысшы жеке бас қорғаныш құралдарымен толық қамтамасыз етілді. Маска, антисептиктер үздіксіз таратылып тұрды. Жұдырықтай жұмылған ұйымшылдық арқасында теміржолшылар арасында індет кең тарай алмады, өлім-жітім де көп болмады, – дейді кейіпкеріміз.  

– Еңбек адамы алдымен не ойлайды? Әрине, отбасының амандығын, айлығының өскенін қалайды. Ал жұмысшының көңіл күйі көтеріңкі болса, жұмысқа да ынтасы артып, жұмыс өнімділігі жақсарады деген сөз. Сондықтан біз, кәсіподақ теміржолшылардың жұмысы тиісті бағаланып, отбасына тиесілі көмектерді алып, сол еңбегіне лайық демалып, денсаулығын түзеп, балалары да жазда демалыс лагерінде болып, білім күніне орай киім-кешегіне, керек-жарағына қосымша көмек алып, қысқасы, теміржолшының лайықты еңбек етіп, өмір сүруі үшін бәрін жасаймыз, – дейді С.Алиев.  

1980 жылы еңбек жолын жолаушылар пойызына жолсерік болып бастаған кейіпкеріміз резервте эксплуатация бойынша орынбасар, вокзал бастығы секілді жауапты қызметтер атқарған. Оны кәсіподақ қызметіне ұсынғандар Самат Ұлмағамбетұлының көпшілікпен жұмыс жасай білу қабілетіне сенім артқан. Ал, сенім бәрінен биік. Еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуы үшін тынымсыз еңбектеніп жүрген кәсіподақ жетекшісі оны жақсы түсінеді.  

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға