Машинистер мүддесі жолында еңбек етіп жатқан жан

Аймақтар
04.10.2022, 12:46
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Алты жүзден астам адам еңбек ететін Маңғыстау локомотив пайдалану депосындағы кәсіподақ ұйымының жұмысын үйлестіріп отырған Әбілсейіт Нәбиханов әрбір жұмысшының жағдайынан хабардар, нағыз көптің адамы деуге болады. Депо шеңберінде ғана емес, Маңғыстау теміржолында ұйымдастырылатын кез келген іс-шараға атсалысып жүретін оны түбектік теміржолшылар түгел таниды.

Міне, теміржолшылар мүддесі десе ішкен асын жерге қоятын Әбілсейіт ағамыз кәсіподақ жұмысына жегілгелі жиырма жылға жуықтапты. Оған дейін жүк және жолаушы пойызында машинист болды. Темірдің тілін тапқан жанға адамның тілін табу қиын боп па тәйірі, кешегі машинистке кәсіподақ жұмысын жүргізу, адамдармен жұмыс істеу онша қиынға соқпады. Деподағы кәсіподақ ұйымы мүшелері негізінен өзі сияқты машинистер мүддесін қорғау жолында талай игілікті іске мұрындық болып, аз жылда ұжымның сыйлы адамына айналды.  

Әбілсейіт Нәбиханов – еңбек жолында өзін нағыз білікті маман ретінде танытып, мойындатқан жан. Маңғыстаудың Тұщықұдық ауылында туып-өскен ол 1982 жылы Маңғыстау локомотив депосына қарасты Шетпе станциясында көмекші машинист болып еңбек жолын бастапты. Алдымен 3-класты, сосын 2-класты біліктілік дәрежесін алады. Ал 2000 жылы машинист-нұсқаушы болып тағайындалды. Ол алдына мақсат қойып, оған жетуге бар мүмкіндігін жұмсады. Тұрақсыз жағдай туындағанда дұрыс және сауатты шешім қабылдай білуді үйреніп, көктемгі, күзгі комиссиялық тексерулерден сүрінбей өтуді меңгерді. Табылған кемшіліктер бойынша дер кезінде жөндеу жұмыстарын ұсынып, тез арада жоюды қамтамасыз етті. Өзіне жүктелген қызметтік лауазымынан басқа қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, ұжымда ауызбіршілік пен түсіністік, қамқорлық сынды ұстанымдарды қалыптастыру оның басты қағидасына айналды.

Міне, дәл осындай табысты жанды кәсіподақ жұмысына жетекшілік етуге таңдаған ұжым қателеспегені анық. Кәсіподақ жұмысын жаңа деңгейге көтеруге тырысқан еңбегі еш кетпеді. Теміржолшылардың әл-ауқаты, тұрмыс-жағдайы, еңбек заңдылығының сақталуы оның басты миссиясына айналды. Ұжым оны іскерлігі мен жауапкершілігі, адал еңбегі үшін құрметтеді.  

– Жалпы ұжымда, яғни Маңғыстау, Бейнеу, Жаңаөзен деполарында кәсіподақтың 668 мүшесі бар. Солардың қажеттіліктеріне қандай көмек қай жағынан керек, еңбек жағдайына талабы бар ма, шешуге тырысамыз. Денсаулығына көңіл бөліп, уақытында шипажайға жолдама береміз. Биыл, мысалы, ұжымнан 49 адамға, зейнеткерлерден 2 адамға санаторийге жолдама бердік. Одан басқа өздері немесе балалары ауырған, ақылы ота жасатқан 51 адамға материалдық көмек көрсеттік. Еңбек өтілі 20 жылдан асқан 13 қызметкеріміз тісін емдетуге қаржылай көмек алса, 58 ұжым мүшесіне балалы болуына байланысты тиісті көмек берілді. Жалпы, кәсіподақ ұйымы тарапынан жұмыс орындарында еңбек жағдайларын жақсартуға жыл сайын қомақты қаржы бөлініп, ол қажет жұмыстарға жұмсалып, уақытылы игерілуде. Осы жылы, мысалы, Маңғыстау мен Жаңаөзендегі локомотив бригадалары тоқтап жуынатын жердегі жабдықтар жаңартылып, істен шыққан су жылытқыш құрылғысы ауыстырылды. Одан басқа машинистердің мерейтойын атап өтіп, зейнетке шығарып салу деген рәсімдерді қалай құр жіберуге болады, – дейді машинистер ұжымының кәсіподақ жетекшісі.  

 

Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ және РЖД: 2026 жылға арналған даму басымдықтары анықталды
Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ пойыздары жолаушыларына арналған ТОП-6 ыңғайлы сервис
Инфрақұрылым
30.01.2026
Жаңа порт құрылысы басталмақ
Станция тынысы
30.01.2026
Бірлігі жарасқан ұжымның биік белесі
Қауіпсіздік
30.01.2026
«Бір қателік өмірімді өзгертті»
Жаңалықтар
30.01.2026
Туризмді дамыту сөз болды
Аймақтар
30.01.2026
Оқу орындарымен меморандумға қол қойылды
Жаңалықтар / Мұрағат
30.01.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №7 30 қаңтар 2026 жыл
Жаңалықтар
29.01.2026
Қазақстан Ауғанстан арқылы Араб теңізіне шығу жолдарын қарастырып жатыр
Жаңалықтар
29.01.2026
«Нұрлы жол» вокзалында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті
Аймақтар
29.01.2026
Білімді маман – білікті маман
Жолаушылар тасымалы
29.01.2026
ҚТЖ бірқатар бағыттағы «Тальго» пойыздарына жеңілдіктер енгізді
Әлеумет
28.01.2026
Билетке жеңілдік: жоғары орындар сұраныста
Темір жол тарихы
28.01.2026
Метоллоломнан табылған жез қоңырау
Әлемде
28.01.2026
Сағатына 600 шақырым: Теміржол тарихын қайта жазған жапондық жоба
Жаңалықтар
28.01.2026
ҚТЖ-ның LED-экранында батыр-теміржолшылар туралы бейнеролик ұсынылды
Жаңалықтар
27.01.2026
Сенат депутаттары жолаушы вагондарының өндірісімен танысты
Жолаушылар тасымалы
27.01.2026
Халықаралық «Jibek Joly» туристік пойызы алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды байланыстырады
Жаңалықтар
27.01.2026
Машинистер машығы жетілдірілуде
Аймақтар / Қауіпсіздік
27.01.2026
Инфрақұрылым қауіпсіздігі күшейтілді