Теміржолда шыңдалған азамат бүгінде ел басқарып отыр

Аймақтар
06.10.2022, 12:55

Кеше ғана Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Нұрдәулет Қилыбайдың алғашқы мамандығы теміржолшы екенін біреу білсе, бәлкім біреу біле бермес. Ол да теміржолдағы қарапайым мамандықтың бірінен бастап, талай жыл осы саланың домнасында шыңдалған теміржолшы.  

Еңбек жолын теміржолда станция кезекшісі болып бастаған. Бүгінде биліктегі белді шенеуніктердің біріне айналған ол осыған дейін Ақтау қаласын екі жыл бойына басқарған еді. Жергілікті атқару саласына 2018 жылы, өзі туған өңір -  Маңғыстауға облыс әкімінің орынбасары болып келген болатын. Оның алдында көлік саласындағы бірқатар мамандықтан, жоғарғы лауазымдардан өткен. Алматы теміржол көлігінің инженерлері институтын «Теміржол көлігі бойынша тасымалды үйымдастыру инженері» мамандығы бойынша бітіріп, алғашқы дипломын алған.  

Сонымен 1999 жылы Маңғыстау тасымалдау бөлімшесі станциясының кезекшісі болып еңбекке араласқан. Астана станциясында кірме жолдар бойынша жүктерді қабылдап-тапсырушы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас маманы, бөлім бастығы, магистральды желілер дирекциясы басқарушысының көмекшісі, Көлік және қатынас жолдары комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, төрағаның орынбасары қызметінде болған.  

2009 жылдан кейін «Вокзал-сервис» АҚ президенті, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры, Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі, Маңғыстау жол бөлімшесі филиалының директоры,  «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы - атқарушы директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы директоры - «Жолаушылар тасымалдау» АҚ президенті, «Теміржолсу» АҚ Бас директоры – Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. Осылай, ең төменгі деңгейден бастаған ол, 2008 жылы «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды.  

Нұршаһ Алымқызы, Маңғыстау

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты