Атырау өңіріндегі жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Аймақтар
18.10.2022, 09:56
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жылғы жоспар бойынша Атырау өңірінде барлығы 92,345 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Алты ай жазда жүргізілген жұмыс мәреге жетіп, таяу күндері толық аяқталады деп күтілуде.

Жалпы, бүгінге дейін Атырау жол дистанциясы бойынша Қиғаш – Д.Нұрпейісова бекеттері аралығында және Д.Нұрпейісова бекетінің 18,857 шақырым жолы, 265 – Сағыз бекеттері аралығында Сағыз бекетінің 10,012 км жолы, барлығы 28,020 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, толық салынып бітті. Сондай-ақ, Құлсары жол дистанциясы бойынша 63,476 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуі жоспарланған. Бүгінгі таңда осы жолдың ең соңғы шақырымдары салынып жатыр.  

Дистанция бойынша Құлсары – Бейнеу телімінің 465 – Опорная – 464 бекеттері аралығында жоспарланған 35,446 шақырым жолдың ескі темір жол құрылымы түгел алынып, орнына су жаңа темірбетонды шпалдар және бағыттамалы бұрмалар барлық технологиялық талаптар сақталып, салынып бітті. Бұрынғы рельстердің ұзындығы 25 метрлік болып бунақталып салынатын болса, қазіргі уақытта 1500 метрлік түйіспесіз жолдар салынуда. Бұл өз кезегінде болтқа, қапсырмаға деген шығынды да азайтады.  

– Құлсары – Мақат телімінің Шоқпартоғай – Құлсары бекеттері аралығында жоспарланған 28,020 шақырым жол да күрделі жөндеуден өтуде. Қазіргі уақытта Құлсары станциясы басындағы жолдар салынып жатыр. Бұрынғы ағаш шпалдар түгел алынды. Жердің негіздемесі төселіп, енді шебін төсеу, нығыздау, басқа да технологиялық жұмыстар жасалуда. Бұл жұмыстар қараша айында бітеді деп жоспарланып отыр, – дейді Құлсары жол дистанциясы бастығының міндетін атқарушы Рақымжан Көрпебаев.  

Оның айтуынша, бұрын Құлсары-Бейнеу телімінде пойыздар сағатына 40-50 шақырым жылдамдықпен жүрген. Енді күрделі жөндеуден өткен соң ол жолдарда жолаушы пойыздарына – 120, Тальго жүрдек пойызына – 140, ал жүк пойыздарына 100 шақырымға дейін жылдамдықпен жүруге рұқсат беріледі. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында мердігер компания «ИнтеграТранс» ПМС телімде пойыздар қозғалысы азайған уақыттарда, көбінесе күндіз не кешке тәулігіне 6 сағаттық толаскез алып отырған. Нәтижесінде пойыздар қозғалысы кестесінде кешігу, артық шығын тіркелмеген, жоспарлы жұмыс уақытылы аяқталып, биылғы жөндеу жұмыстарына нүкте қойылмақ.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты