Қысқа дайындық барысында қандай кемшіліктер анықталғаны айтылды

Аймақтар
21.10.2022, 09:47
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде 6 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өткен күзгі байқау қорытындыланды. Осыған арналған жиында құрылымдық бөлімшелердің шаруашылықтарына қатысты бірқатар кемшіліктер анықталғаны айтылды.

Комиссия анықтағанындай, станция, локомотив және вагон деполары, жол, байланыс дистанциялары басшылары тарапынан пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау бойынша міндеттері жеткілікті деңгейде орындалмайды, нормативті-техникалық құжаттамалардың дұрыс толтырылуына жете көңіл бөлінбейді. Жұмысшылардың кездейсоқ жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға дайындығы нашар, білім мен біліктілік төмен. Сондықтан станция, депо, дистанциялар басшылығы техникалық сабақтардың сапасына көңіл бөліп, іскерлік ойындар өткізу, жұмысшының сабақ нәтижесін қалай меңгергенін тексеріп отыруы керектігі, станцияларда пойыздарды қабылдап-жөнелтуге, бағдаршам, бағыттамалы бұрмалардың жұмысы, маневрлік жұмыстарға, техникалық құжаттамалардың дұрыс толтырылуына баса мән беру қажеттігі ескертілді.  

Вагон депосының өндірістік-техникалық жөндеу бөлімінде қосалқы бөлшектер жетіспейді. Мақат пен Құлсарыда технологиялық процесті орындау үшін штат кестесі сәйкес келмейді. Депоның жөндеу бөлімдерінің техникалық кабинеттері оқыту және тестілеу үшін компьютермен, видеопроектормен, бейнероликтер қарау үшін интернетпен қамтамасыз етілмеген. Депода қол шамдармен қамту да жеткіліксіз. Локомотив деполарындағы ТО-2 циклді жұмыстарының сапасына сын айтылды. Қосалқы бөлшектер бұрынғыдай әлі де жеткіліксіз дәрежеде. Локомотивтердің қысқа дайындығын байқау төмен, Атырау локомотив депосында тепловоздарды қысқы кезеңге көшіру процесін бақылау бәсең. Еңбек қауіпсіздігі бағытында да кемшіліктер бар. Кейбір жұмысшылар Жұмыс орнында арнайы киімсіз жүрген жұмысшыларды жұмысқа қоспау қажеттігі ұсынылды.  

Жол дистанциялары бойынша жолдың сапасына сын айтылды. Жол, рельстер жай-күйі нашар болған участоктарда жөндегенге дейін жабу не шектеу шаралары қолданылған. Байланыс бойынша негізгі кемшіліктер технологиялық процесс кестесін сапасыз орындағаннан болған. Электромеханиктер тарапынан станциялық рельс шынжырларын тексеру сапасыз жүргізілетіні байқалды. Ондай жағдай Тұманды, рзд. 16, ст. Аққыстау, ст. Исатай, ст. Қарабатан, рзд. 496, рзд. 469, рзд. 470, рзд. 472, ст. Толтырда орын алыпты. Байланыс және сигнализация динстанцияларында да кемшілік жоқ емес. Электр желілерін, бағыттамалы бұрмаларды сыртқы тексеруді, рельс шынжырларының оқшаулау элементтерін тексеруді сапасыз жүргізу және жөндеу бағытында кемшіліктер анықталған. Барлық дистанцияларда техникалық құжаттама жүргізуде де олқылықтар орын алған. Электрмен жадбықтау дистанцияларында жарықтандыру мәселесіне жіті көңіл бөлу қажет.  

Мұқыр станциясы, Сазанқұрақ, Қызылжар, Туманное разъездерінде станциялық жолдар нашар, мал көп жүреді, сондықтан пойыздардың тұрып қалуы көп. Жолды құм, топырақ басу да жылдамдықты шектеуге ықпал етіп отыр.  

Станциялардағы үлкен мәселенің бірі – жердің ластануы, майлануы. Тепловоздардан вагондардан аққан май жерге ағып, ол экологияға зиян келтіреді. Бұл – қай станцияға да тән құбылыс. Сондықтан топырақты, станция жолдарын майдан тазартып отыру қажеттігі қаперге берілді.  

Бөлімше басшылығы күзгі тексеріс анықтаған кем-кетікті қалпына келтіруге қатысты шешім қабылдады.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты