Республика күніне орай теміржол вокзалдарында мерекелік акция өтті

Аймақтар
21.10.2022, 11:01
Суретті түсірген автор

Республика күні қарсаңында Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелері, құрылымдық мекемелердің кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыруымен мерекелік акция өтті.

Таңертеңгі сағат 9:45-те жүретін Атырау-Маңғыстау және 14:50-де жүретін Атырау-Ақтөбе пойыздарының жолаушылары вокзал алаңында жайылған дастарханнан дәм татты. Теміржолшылар көпшілікке шелпек-бауырсақтан бастап құрт, жент, кәмпиттер, құрма, өрік, мейіз, басқа да тәттілер ұсынып, жолаушыларға сәт-сапар тіледі. Онымен қоса қорапшаларға салынған сыйлықтар да берілді. Мерекелік акция халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, дән риза болысты.  

– Республика күнінің мемлекеттік мереке болып қайта оралғанына, олқылықтың орны толғанына халық риза болуда. Бұл күннің тарихи маңызын әрбір қазақстандық жақсы түсініп, бағаласа керек. Сондықтан бүгін теміржолдың кәсіподақ ұйымдары бірлесе отырып осындай акция ұйымдастырдық. Ұлттық дәстүрімізді, тағамдарымызды, ұлттық киімдерімізді насихаттап, ел иесі, жер иесі ретінде қонақжай пейілімізді паш еттік, – дейді кәсіподақ төрағасы Нұрбол Нұрышев.  

Ал, Қызылорда теміржол вокзалында өткен мерекелік шарада еліміздің Әнұраны шырқалып, аймақтағы жас теміржолшылардан құрылған топ перронда флешмоб ұйымдастырды.

Өнерлі жастардың «ҚР» және «25» секілді символикалық таңбаларды өрнектеген биін тамашалаушылар қатарында жергілікті тұрғындар мен вокзалдағы жолаушылармен бірге жастарды қолдап келген Қызылорда ЖТ бөлімі бастығы Батырхан Базарбаев, Магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев, «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, тағы басқа теміржол мекемелерінің басшылары мен кәсіподақ ұйымының өкілдері болды.  

Перронда алдын ала әзірленген ақ дастархан ұлттық дәмнен қайысып тұр. Не жоқ дейсіз мұнда: құрт пен май, қызылкүрең бауырсақ пен майға бөккен шелпек, жент пен майсөк, сырдың мәуесі мен тіл үйірер қауыны мен қарбызы, шипалы шұбаты столды жайнатып жіберген. Сол сәтте перронға аялдаған №23 Алматы-Ақтөбе пойызының жолаушыларын ұлттық киім киген қыздар қарсы алып, дастарханнан дәм ауыз тиюге шақырды. Бұған дейін бірде-бір вокзалға аялдағанда мұндай қызықты кездестірмеген, мұндай қошеметті күтпеген жолаушылар айран-асыр таңқалып жатты. Ал бұның барлығы аймақ теміржолшыларының Республика күні қарсаңында теміржол көлігін қолданушы жолаушыларға жасаған құрметі болатын.  

Теміржолшылардың мұндай сый-құрметіне әбден риза болған жолаушы халық шын жүректен алғыстарын жеткізіп, бір-бірін ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, мәре-сәре болысты. Сыр елінің бас қақпасы мерекелік көңіл-күйден толқып тұрды.  

Дәл осындай мерекелік шаралар Қазалы станциясының вокзалында да ұйымдастырылды. Онда да жолаушылардың ыстық ықыласына бөленген теміржолшылар алғысқа кенелді.  

Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты