Сенат депутаттары «Құрық порты» мен «Ақтау теңіз сауда портына» барды

Аймақтар
31.10.2022, 17:05

ҚР Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитеті мүшелерінің Маңғыстау облысына сапары барысында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына жеке инвестиция тарту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жоғары палата депутаттары арнайы экономикалық аймақтардың қызметін жетілдіру тетіктерін зерделеу мақсатында Маңғыстаудағы бірқатар нысанды аралады. Сенаторлар еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалды дамытуға және экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестиция тартуға бағытталған «Ақтау теңіз порты» АЭА-ға арнайы барды. Олар премиум класты газ герметикалық бұрандалы қосылымы бар құбырларды шығару кәсіпорнының жұмысымен, сорғы штангалары мен муфталар өндіру зауытымен, жұмсақ орауыш ыдыстар - үлкен багтар өндіру зауытының жұмысымен танысты. Сондай-ақ Сенат депутаттары жол битумын өндіретін кәсіпорын, «Құрық порты» мен «Ақтау теңіз сауда портына» да аялдады.

«Біздің мұнда келуіміздің мақсаты – арнайы экономикалық аймақ қызметімен танысу, құрылыстың аяқталмауы және инфрақұрылымды жүргізу, өңдеу өнеркәсібіне жеке инвестицияларды тарту деңгейі бойынша мәселелерді талқылау, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтарда қолданыстағы және іске асырылып жатқан жобаларды қарастыру», деді комитет төрағасы Серікбай Трұмов.

Маңғыстау облысына сапарды қорытындылау кезінде комитет мүшелері «Арнайы экономикалық аймақтардың нақты жай-күйі және жұмыс істеуінің алдағы перспективалары» тақырыбында кеңейтілген дөңгелек үстел отырысын өткізді. Кеңес барысында «Ақтау теңіз порты» АЭА қызметінің тиімділігі, арнайы экономикалық аймақтарды одан әрі дамыту, оның ішінде АЭА қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енетін өзгерістер мәселелері талқыланды.

«Бүгінгі кеңеске Сенат депутаттары ғана емес, Орталық мемлекеттік органдардың, министрліктердің, атап айтқанда, ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері де қатысты. Мәселелер жан-жақты қаралды, оның ішінде экономикалық жағынан салық шығындары зерделенді және жақын арада бұл мәселені республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару жоспарланып отыр»,- деді сенатор.

Жалпы бүгінгі таңда «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына салынған инвестицияның жалпы көлемі 266,1 млрд теңгені құрайды, оның ішінде шетелдік инвестициялар - 168,7 млрд теңге, 406,7 млрд теңгеге өнім өндірілді. 1780-нен астам жұмыс орны құрылып, салық төлемдерінің сомасы 54,2 млрд теңгеге жетті.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты