Ақтөбе филиалына биыл 2,5 мың вагон көмір жеткізілген

Аймақтар
04.11.2022, 10:13
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс аймақтық филиалы биылғы жылғы 10 айда 2500 астам вагон көмір түсірген. Оның 300 вагоны коммуналдық-тұрмыстық көмір.

Алты ай қыс болатын Ақтөбе өңірінде көмір тасымалы негізінен теміржол арқылы атқарылады. Биыл да қатты отын тасымалдау жұмыстары жоспарға сай орындалуда.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс аймақтық филиалы логистика және жүк тасымалы бөлімінің инженері Лаура Әлжанованың айтуынша, осы жылдың 10 айлық қорытындысы бойынша Ақтөбе филиалына 176 802 тоннаны құрайтын 2586 вагон көмір келген. Соның ішінде тұтынушылардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігіне 295 вагон болатын 20 499 тонна көмір бар.

«Жылжымалы құрам саны қажетті деңгейде жеткілікті. Коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалы үшін ашық вагондар қолданылуда. Жеткізу, түсіру жұмыстары уақытылы ұйымдастырылып отыр», – дейді Лаура Әлжанова.  

Сонымен қатар, осы он айда Ақтөбеге 1959 вагонмен 133 699 тонна өндірістік көмір, 268 вагонмен 18 197 тонна шаруашылық көмір және темір жол ұйымдары үшін 64 вагонмен 4407 тонна қатты отын жеткізілген. Түсіру жұмыстары Әйтеке би, Ақтөбе, Жіңішке, Қандыағаш, Қарауылкелді, Мәртөк және Шалқар станцияларында, көтеріңкі кіреберіс жолдарында екі бағытта ұйымдастырылған. Қысқасы, Ақтөбе биыл көмір тапшылығын сезінбейді деген сенім бар.

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды