Қызылордалық жолшылар Семейге көмекке барды

Аймақтар
08.11.2022, 09:58
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сыр бойының темір жолын бабында ұстап, кәсіби шеберліктерімен танылған қызылордалық жолшылар биыл шығыстағы әріптестеріне көмек көрсетті.

Көмекке қызылордалық жол жөндеушілердің таңдалуы өңір теміржолшыларына деген сенімнің жоғары екенін танытса керек. Қыркүйек айының алғашқы күндері Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі басшылығының ұйғарымымен аймақтағы Қызылорда, Қазалы және Сексеуіл жол дистанцияларының бір топ жолшылары Семей магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Күмістау станциясындағы әріптестеріне практикалық көмекке жіберілді.  

Күмістау станциясы орналасқан жер рельефі күрделі, ал теміржол төсемдері көп уақыттан бері жөндеу көрмегендіктен тозығы жеткен. Қызылордалық жолшылар дистанция телімдерінің 75, 80-81, 85-86, 92, 102-105 шақырымдарындағы жарамсыз ағаш шпалдарды ауыстыру, қисық жолдағы р-50 типті рельстерді р-65 типімен алмастыру, шойшегелерді толықтырып қағу, ескі темірбетон шпалмен салынған 80-82 және 76-77 шақырымдағы рельстер арасының тарылуын, жолдың ойқыш тартып ығысуын ретке келтіріп, түйіспе саңылауларды технологиялық талапқа сай бабына келтірілді. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің басшысы Сағатбек Тумырзаев тапсырылған жұмыстардың жоғары деңгейде орындалғанын жеткізді.  

– Семей өңіріндегі өндірістік қажеттілікке орай және жол жөндеушілер штатының толық жасақталмауына байланысты Қызылорда, Қазалы және Сексеуіл жол дистанцияларының бір топ жолшылары Күмістау станциясындағы ПЧ-38 жол дистанциясына практикалық көмек беру жайында ЦЖС Рахметовтің пәрменіне сай әрекет еттік. Біздің теміржолшылар Күмістау станциясында қыркүйек пен қазан айларында болып, жол табанын сауықтыруға байланысты жоспарлы жұмыстарды жүргізді. Әрине, әріптестік көмекке жол дистанцияларындағы тәжірибелі жол жөндеушілерін таңдап жібердік. Қызылорда жол дистанциясынан Нұрболат Сақтағанов, Сексеуіл жол дистанциясынан Нұрлыбек Қарабасов және Қазалы жол дистанциясынан Ерболат Боданов бастап барды. Олар тапсырылған жұмыстарды жоғары деңгейде сапалы атқарғанын сол жақтағы әріптестеріміз де растады, – деді С.Тумырзаев.  

Расында Күмістау жол дистанциясының бастығы Р.Аралбаев бастаған жергілікті дистанция басшылары сырбойылық әріптестерінің практикалық тұрғыдан жасаған жұмыстарын бақылаудан өткізіп, сапасы көңілден шығып, алғыс білдіріпті.  

Бұл – жол жөндеушілердің алғашқы легі. Енді екінші кезекте қызылордалық жолшылар 8 мың дана шпал төсеуге көмекке бармақ.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты