Нұрлан Ноғаев Болашақ станциясында болды

Аймақтар
08.11.2022, 10:08
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау облысының басшысы Нұрлан Ноғаев Болашақ станциясында болды. Өңірдегі шекара бекеттерін аралаған әкім «Болашақ» шекара бекеті мен «Темір-баба» өткізу пунктінің жұмысымен танысты.

Маңғыстау қосалқы бөлімінің бас инженері Қарақат Жақанов пен Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков облыс әкімін Түркіменстанмен шектесетін теміржол станциясымен таныстырды. Шаруашылық нысандарынан бөлек жергілікті тұрғындармен, теміржолшылармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдаған облыс басшысы вагондар паркін, жүктерді жөнелту процесін бақылап, шекарадан жүк өткізу үдерісінің қыр-сырына қанықты. Жылдан-жылға жоғарылаған жүк айналымына риза болып, теміржолшылар жұмысына сәттілік тіледі.  

Болашақ станциясындағы жүк айналымы расымен мақтауға, мақтануға тұрарлық. Мәселен, былтыр Түркіменстанға 438 пойыз, 1 163 178 тонна жүк өткізілген. Олардан бізге 392 пойыз немесе 1 061 974 тонна жүк келген. Ал биылғы он айда Болашақ арқылы 1 604 742 тонна жүк жөнелтілсе, Түркіменстаннан 1 072 224 тонна жүк кірген. Яғни, он айдағы көрсеткіш өткен жылғы жылдық деңгейден асып түскен. Алда әлі екі ай бар, тасымал осы қарқынмен жалғасса, жылды жақсы нәтижемен қорытындылауға мүмкіндік мол.  

 

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды