Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының көрсеткіші жоғары

Аймақтар
11.11.2022, 09:57
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясы биылғы үш тоқсанда бірталай шаруаның басын қайырды. Апатты жағдайдың алдын алуға байланысты жөндеу жұмыстары толықтай орындалған. Ақауы шыққан желілер жөнделіп, тозығы жеткен құрылғылар жаңартылған.

Нәтижесінде электрмен жабдықтау сапасы, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі жақсарып, АЛСН, СОБ ақаулары мүлде тіркелмеген. Дистанция жұмысшыларының еңбек жағдайын жақсарту, жұмыс құралдарымен қамту да жоспарға сай орындалып отыр. Қажетті диэлектрлік қолғаптар, айырғыштар, изоляторларды (ШФ-10, ШС-10 ) оқшаулағыштар, сигналдық кеудешелер, арнайы киімдер мен қорғаныс құралдары жеткілікті мөлшерде алынған.  

Сонымен қатар, «Инвест бюджет» жоспары бойынша Маңғыстау электрмен жабдықтау ауданы, РРУ Маңғыстау, РММ, Сайөтес, Жаңаөзен, Бейнеу, Бейнеу – Тассай, Бейнеу – Оазис электрмен жабдықтау аудандары түгел кондиционер, шкафтар және бойлерлермен қамтамасыз етілген.

– Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының жалпы аумағы 4 учаскеге бөлінеді. Олар – Болашақ – Жаңаөзен – Маңғыстау, Бейнеу – Маңғыстау, Бейнеу – Тассай, Бейнеу – Оазис. Дистанцияда 8 цех бар, олар Маңғыстау, Сайөтес, Жаңаөзен – Бейнеу, Бейнеу – Тассай, Бейнеу – Оазис телімдерінде орналасқан. Аталған цехтардың барлығы да күзгі комиссиялық тексерістен жақсы баға алды, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі бойынша да дистанция көрсеткіші жоғары, – дейді Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Сұлтанбек Қонаев.  

Жұмысшылар кесте бойынша жыл он екі ай үзбей біліктілігін арттыру курстарына қатысып, ай сайын өтетін техникалық сабақтарда да білімдерін жетілдіре түсуде. Бүгінде олардың барлығы KTZ HSE ISPB мобильдік қосымшасына тіркелген. Яғни, қосымшаны 2020 жылдан бастап кеңінен пайдалануда. Айтуларынша, қосымша олар үшін ең негізгі ақпарат алу, соңғы жаңалықтардан хабардар болуы, керек нұсқаулықтарды табу, кемшіліктерді тіркеп, ортаға салып талқылауға таптырмас құрал болып тұр.  

Дистанция басшысы мекемеде техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғауға ерекше назар аударылатыны формальді нәрсе емес дейді. Өйткені электр мамандары өмірінде тек бір рет қана қателеседі. Ал ол қателіктің зардабы өте ауыр болуы мүмкін... Сондықтан дистанцияда қауіпсіздік семинарлары, жас мамандарға тәжірибелік дәрістер жиі ұйымдастырылып тұрады. Мысалы, жуырда дистанциядағы барлық электрмен жабдықтау ауданының жұмысшылары қатысқан семинар өтіп, кәсіби шеберліктерін шыңдау сынағында Бейнеу – Тассай ЭЖА ұжымы энергетика саласындағы қорғаныс құралдарын түгендесе, Бейнеу ЭЖА қызметкерлері бағана үстінде тоққа түскен адамға жәрдем беру шараларын көрсеткен. Ал Бейнеу – Оазис ұжымы қалай жылдам әрі қауіпсіз алғашқы медициналық көмек жасау қажеттігін түсіндірген. Жаңаөзен ауданының жұмысшылары нарядпен қауіпсіз жұмыстарды ортаға салған.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда