Құрметті теміржолшы Ідіріс Орынбасаровты еске алу шарасы өтті

Аймақтар
11.11.2022, 10:42
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Тоғыз станциясында Ақтөбе облысының «Жыл адамы» атанған «Парасат» орденді Құрметті теміржолшы Ідіріс Орынбасаровты еске алу шарасы өтті. Зейнетақысының жартысын ауылдастарына бөліп беретін теміржолшының ұрпақтары ұлағатты істі жаңғыртты.

Тарлан теміржолшының туған жері Тоғыз станциясында өткен халықтық шараға бүкіл ауыл тұрғындары қатысты. Ұрпақтарының ұйымдастыруымен жазылған «Қос жұлдыз – қос рельс» және «Тұғырдың тұғырлы тұлғасы – Ідіріс Орынбасар» атты кітаптардың тұсаукесері өтті.  

Ідіріс Орынбасаровтың ғибратты өмір жолы көпке үлгі боларлық. Ол он бес жасынан еңбекке араласып, Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясының Тоғыз учаскесінде қырық бес жылға жуық еңбек еткен. Целиноград қаласындағы байланысшылар техникумында білім алған. Кеңес үкіметі кезінде «Құрметті теміржолшы» атағына ие болған. Оның әкесі де Шалқардың үстімен тартылған шойын жол құрылысын салуға қатысқан екен.  

Тарлан теміржолшы жас кезінен өз жұмысына мығым болды деп еске алады көзкөргендер. Көпмола, Жылан, Тоғыз, Қарашоқат, Шоқысу станцияларында вагон теңгергішін қарап-бақылайтын учаске қызметінің жүйелі жүруіне белсене қатысқан тәжірибесі мен біліктілігі ескеріліп, Батыс Қазақстан темір жолы бойынша Тоғыз станциясында озат тәжірибе таратуға арналған семинар өткізу құрметіне ие болған.  

Теміржолшы зейнетке шыққаннан кейін өзі тұрған сол шағын станцияда тірлік тоқтап, халық көшіп кетпес үшін кешегі қиын-қыстау жылдары қолынан келгеннің бәрін жасапты. Зейнетақысының бір бөлігін жақсы оқыған, сондай-ақ жағдайы нашар отбасы балаларына бөліп отырған. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде аға буын өкілдерінің басын қосып, оларды жастар тәрбиесіне, ел бірлігін, ауызбіршілікті қамтамасыз етуге жұмылдырған.  

«Жақсының аты өлмейді» деген осы, қазір ауыл балалары жыл сайын теміржолшы жерлестері атындағы байқауға қатысып, эссе жазады. Теміржолшының ұрпақтары қаржылай қолдау көрсетіп, демеушілік жасайды. «Біз атаның ісін жалғастырушымыз. Балалардың шығармашылығына қолдау білдіреміз. Жақсылық пен ізгілік, теміржолшы кәсібі туралы шығармалар көп жазылады», – дейді теміржолшы атындағы қор жетекшісі Азамат Манасұлы.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды