Атырауда рационализаторлық белсенділікті арттыру тренингі өтті

Аймақтар
15.11.2022, 08:58
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде ғылыми-техникалық ақпарат бөлімінің ұйымдастыруымен рационализаторлық белсенділікті арттыру мақсатында арнайы тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты – өнертапқыштық белсенділікті арттыра отырып, техникалық шығармашылықты дамыту және сол арқылы моральдық-материалдық тұрғыда ынталандыру. Шараға өңір темір жолындағы барлық құрылымдық бөлімшелердің техникалық ақпараттандыру мамандары қатысты. Өнертапқыштарға қолдау білдіріп, жұмыс орнында жағдай жасау маңызды. Ол жаңа жобаларды жүзеге асыруға, шығындарды оңтайландыруға, күнделікті жұмыс барысында өзекті жобаларды енгізуге мүмкіндік береді.  

– Бүгінгі таңда бөлімше бойынша жоспарға сәйкес 33 өнертапқыштық ұсыныстың 15-і мақұлданды және бұл бағытта жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, күн сайын жаңалық бюллетендерін алып, оларды барлық құрылымдық бөлімшелерге шұғыл таратып отырамыз. Мекемелерге жиі барып жаңа ақпараттармен таныстырып, өнертапқыштық ұсыныстар беруге ынталандырамыз. Сайып келгенде мұның бәрі жаңа идеялардың туындауына ықпал етері анық, – дейді ғылыми-техникалық ақпарат бөлімінің жетекшісі Әйгерім Ниязова.  

Тренинг барысында қатысушыларға рационализаторлық ұсынысқа өтінішті сауатты жазу, акт толтыру, ақпараттық карта жасақтау, т.б. туралы түсіндірілді. Егер рационализаторлық ұсыныс өндіріске енгізіліп, ол айтарлықтай экономикалық тиімділік әкелетін болса, онда өнертапқыштың 100 мыңнан 5 млн теңгеге дейін сыйақы алуға мүмкіндігі бар. Тиімді идеялар көп болған сайын, компания мен еншілес ұйымдардың шығындары оңтайланып, азаяды деген болжам бар. Ондай өнертапқыштардың рационализаторлық ұсыныстары қашан да қолдау тауып, авторлық құқықтары да қамтамасыз етіледі. Өздеріне қажетті тың мағлұмат алған тренингке қатысушылардың жаңа ұсыныстар ойлап табуға деген қызығушылықтары артты.  

 

Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты