Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясында биыл еш бір ақау болмады

Аймақтар
29.12.2022, 10:14
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы – Қазақ теміржолы басшылығының 1967 жылдың қарашасындағы №1802/246 бұйрығы негізінде құрылып, осы кезеңге дейін түрлі құрылымдық өзгерістерден өткен салалық мекеме. Қазіргі таңда Алпамыс Саймов басқаратын Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының ұжымы Төретам мен Түркістан станциясының аралығындағы теміржол қондырғыларын үздіксіз электр қуатымен жабдықтап сол арқылы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді

Әріптестерімен бірге атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасаған дистанцияның бас инженер Әлім Төлегенов үстіміздегі жылды ешбір ақау, кемшіліксіз қорытындылау ұжымның басты міндеті екенін білдірді.

Қондырғыларға негізгі қуат көзін беретін ұзындығы 539 км құрайтын ДЦ электр әуе желісі болса, қосымша қуат көзі болып 385,8 км құрайтын АБ/ПЭС электр әуе желісі есептелінеді. Телімдерді үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету, осы аралықта орналасқан электр қуатын алып тарататын 4 негізгі пункт пен 8 трансфарматорлық подстанциялар арқылы жүзеге асады. Бұл пунктерде қуаттары әр түрлі 15 дизель-генератор орналастырылған. Ондағы мақсат электр қуаты облыс бойынша жаппай өшкен жағдайда, темір жол нысандары мен қондырғыларын электр қуатынсыз қалдырмау. Әр станция мен бекеттегі вокзалдар, теміржол парктерін жарықтандыру да мекеменің міндеті.  

Бұлардан бөлек дистанцияның қызмет ету телімдерінде теміржол бойында орналасқан мекемелер мен нысандарды, жеке тұрғын үйлерді де электр энергиясымен қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Осы тұтынушыларға арнайы соғылған 42 трансформаторлық подстанция, 924,8 км жоғарғы кернеулі электр әуе желісі мен 27,5 км кабелді желі, 164,8 км төменгі кернеулі электр әуе желісі мен 40 км кабелді желілер бар. Дистанцияға қарасты Жосалы, Қызылорда және Шиелі ауданаралық электр жүйелері мен Қызылорда жөндеу-тексеру учаскесі қызмет етеді. Әр ауданға қызмет ету участоктері шектеліп бөлініп берілген.

Дистанцияның қызметкерлері – өмірлік тәжірибелері мол, техникалық салада сауаттылықтары жоғары, жылдан-жылға өз қызметтерінде жоғары нәтижелерге ие болып жүрген азаматтар. Атап айтсақ, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының аға энергодиспетчері Қ. Даулетияров «Құрметті энергетик» иегері атанса, Жайылхан Сейтов «100 жаңа есім» жобасы бойынша өзінің кәсіби шеберлігімен танылды.

Ағымдағы жылдың көрсеткіштері бойынша теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ешқандай ақауға жол берілген жоқ. Бұл үрдіс сонау 1998 жылдан бері бұзылған емес. Демек дистанция 24 жылдан астам уақыт бойы ақаусыз жұмыс жасап келеді деген сөз. Сыртқы энергожүйелерінің қондырғыларында болып тұратын ақаулардың себебінен, жүріп келе жатқан пойыздардың алдындағы белгілердің өшіп қалу айғақтарының тіркелетіні рас. Оның өзі былтырғы жылдың осы аралықтағы уақытысымен салыстырғанда 12 жағдайға  кеміді. Былтыр 17 жағдай тіркелсе, биыл 5 жағдай тіркелген екен.  

– Теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сенімділік іс-шаралары бойынша біршама жұмыстар атқарылды, атап айтқанда жоғары кернеулі әуе желілеріне ағымдағы жөндеу мақсатында 10,5 км АС-35 маркалы сым, 32 дана ағаш тірек, 1800 түйір ШС-10 маркалы изолятор, 100 дана травер, 10 түйір РЛНД-10 маркалы ажыратқыш, 40 дана ОМ-1,25 кВа маркалы трансформатор, 5,6 км төменгі кернеулі кабельдер ауыстырылды. Жалпы тұтынушыларға қажетті электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етуі үшін қажетті жұмыстардың түгелі дистанция теміржолшылары тарапынан атқарылуда, – дейді дистанцияның бас инженер Әлім Төлегенов.

Дистанциялықтар ұжымында еңбекті қорғау саласы бойынша да атқарылған жұмыстар жетерлік. Бекітілген іс-шараларға бөлінген 3123 мың теңге жоспарлы игерілген. Атап айтқанда, жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар мақсатында ажыратқыштар сатып алынған, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды оқыту мен насихаттауды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарлы атқарылған, теміржолшылардың қол жуатын, жуынатын, санитарлы-тұрмыстық бөлмелерін санитарлық нормаға сәйкестендірілген. Жалпы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды аттыру мақсатында дистанция теміржолшылары кәсіби міндетті қажетті деңгейде атқарып келеді.

 

Қауіпсіздік
24.02.2026
Машинистер соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
24.02.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол бекеттеріндегі кедергілер жойылады
Трансформация
24.02.2026
Wabtec – сенімді серіктес
Аймақтар
24.02.2026
Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты
Инфрақұрылым
24.02.2026
Ақтөбеде жыл сайын 200 шақырымнан астам теміржол жаңаруда
Жолаушылар тасымалы
24.02.2026
Рамазан айында ҚТЖ пойыздарындағы вагон-ресторандар арнайы кестеге көшеді
Қауіпсіздік
24.02.2026
Өткелдегі қатер
Аймақтар
24.02.2026
Жолсапар сәттілігі үйдегі көңіл-күйден басталады
Жаңалықтар / Мұрағат
24.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №14 24 ақпан 2026 жыл
Инфрақұрылым
23.02.2026
«Қызылжар – Сексеуіл» учаскесін жаңғырту: өткізу мүмкіндігі 2,5 есе өсті
Қауіпсіздік
23.02.2026
Шиеліде өрт сөндіру пойызы дайындықтарын пысықтады
Аймақтар
23.02.2026
Семейдегі жас мамандардың ұсыныстары тыңдалды
Жүк тасымалы
23.02.2026
Болат жолдың болашағы
Инфрақұрылым
23.02.2026
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есе артады
Жаңалықтар
20.02.2026
Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Инфрақұрылым
20.02.2026
Бақты-Аягөз желісінің құрылысы талқыланды
Қауіпсіздік
20.02.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Цифрландыру
20.02.2026
Теңіз порттарында электрондық жүйе енгізілмек
Спорт
20.02.2026
Шалқарда теміржолшылар арасында шағын футболдан жарысы өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
20.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №13 20 ақпан 2026 жыл