«Қыс шілдесі»: Шығыстағы теміржолшылар үшін ең жауапты кезең басталды

Аймақтар
20.01.2023, 10:35
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы теміржолшылар үшін ең жауапты кезең басталды. «Қыс шілдесі» аталатын қазіргі мезет қырағылықты күшейтіп, жауапкершілікті еселеуге мәжбүрлейді. Семей магистральдық желі бөлімшесі осы орайда бірқатар тиімді шаралар ұйымдастыруда.

НЖС-6 бөлімшесі бойынша қысқы мезгілдегі жұмыстарды ұйымдастыру техникалық және тұрмыстық сипаттары бойынша екіге бөлінген. Бірінші кезекте әлбетте техникалық шаралар пысықталынып, жіті назарға алынады. Жуырда қыс мезгілін өткізу бойынша тексеріс жүргізген бөлімше басшылығы ең алдымен жылу қазандықтарына назар аударды. Басты себеп аязға байланысты шығыс өңірдегі көптеген жылу нысандары мен жылыту жүйелерінің сыр беріп, кезегімен істен шығуы болып отыр. Бұл орайда автономды түрде жылытуға мүмкіндік беретін үш қазандық толық қуатында жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Күзге дейін ПЧ-38, ШЧ-29 мекемелеріне қарасты жылу ошақтары күрделі жөндеуден өткен болатын. Сол себепті бөлімшеге қарасты желі бойындағы жалпы саны 117 нысандағы температура ойдағыдай. Теміржолшылар тарапынан ешқандай шағым тіркелмеген.  

Биылғы қалың қар, аязды да боранды ауа райы отынға да шығын болып тұр. Осы ретте желі бойындағы мекемелердің көмір қоры басты назарға алынды. Бұл орайда техникалық қажеттілік үшін алынған 2 154 тонна қатты отын бар екендігі нақтыланды. Сол тәрізді дизельді жанармайдың қыстық түрі бойынша да қор жеткілікті екен.  

Тексеру шаралары әсіресе жол шаруашылығына жауапты ПЧ-42, ПЧ-40 және ПЧ-39 мекемелері бойынша біршама күшейтілген түрде жүргізілуде. Бағыттамаларға арналған бес пневмоүрлегіштер мен жолшыларға тиесілі 82 бірлік автотехниканың жай-күйіне назар аударылды.  

– Ең ауыр жұмыс жолшыларда, сондықтан олардың қысқы мезгілдегі қауіпсіздігі басты орында. Әсіресе бөлімше бойынша биыл қысты алғаш өткізіп отырған 176 теміржолшының жұмыс ырғағына ілесіп кетулері үшін барлық жағдай жасалуда, – дейді бөлімшенің жол бөлімі бастығы Қайыргелді Ахметжанов.  

Аймақтағы ШЧ-30, ШЧ-29 және ЭЧ-18 мекемелері де қысқы мезгілдегі жұмыс барысын ширата түскен. Боранды ауа райы әсіресе осы саланың Аягөз, Жарма станцияларындағы теміржолшылары үшін біршама машақат әкелгені рас. Алайда күн райының өзгеруі жайлы ақпараттарды уақытында алатындықтан алдын алу шаралары ойдағыдай жүргізіліп, ақаулықтарға жол берілмеді.  

Бөлімше басшысы Айдын Шәукежанов вокзал шаруашылығы бойынша да нақты тапсырмалар беріп, қысқы мезгілдегі жолаушылар тасымалы үшін кедергі туындамауын негізгі міндеттер қатарына қойды. Жолаушылар пойызының кестеден кешігуі орын алмауы үшін барлық мүмкіндікті жасау тапсырылды. Қазіргі таңда НЖС-6 бөлімшесі бойынша барлық құрылымдар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.  

 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті