Балқаш станциясында жүк тиеу 9 мың вагонға артық орындалды

Аймақтар
24.01.2023, 10:00
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қарағанды өңіріндегі негізгі станциялардың бірінен саналатын Балқаш станциясы өткен жылды табысты аяқтады. Мұны жүк тиелімінен анық байқауға болады.

Айталық, былтыр станция аумағынан вагондарға тиелген жүк көлемі 9062 вагонға артық орындалып, жоспар 180% құрап, 2021 жыл көрсеткішінен 17% жоғары болған. Тонналық көрсеткіштің де жоспары 188% орындалып, алдыңғы жылдан 19% артық шыққан. Статистикалық жүктеменің де салмағы ауыр. Станцияда әсіресе мыс, түсті кен, күкірт қышқылы сияқты жүк түрлерінің тиелімі артқан. Былтыр вагондардан жүк түсіру де жоғары нәтиже көрсеткен: 89475 вагоннан жүк түсіріліп, жоспар 112% орындалған. Бір жүк операциясы кезінде вагонның тұрып қалуы 5,39 сағатқа кеміген. Бұл өз кезегінде вагонайналымы көрсеткішінің жақсаруына септігін тигізген.  

Десе де, кірме жолдардың қожайындары кінәсінен вагондардың кідірісі орын алған. Мәселен, «Корпорация Казахмыс» ЖШС-ның кірме жолында вагондар айналымының технологиялық мерзімі нормадағы 18,99 сағаттың орнына 25,08 сағатты құраған. Осылайша, кірме жолдағы вагондардың тұруы 6,09 сағатты құрап отыр.  

Оның себептерін кірме жол иесі үш фактормен байланыстырады. Біріншіден, вагон жүк тиегіштерінің істен шығуы кедергі болса, екіншіден, вагондардың бір мезгілде жаппай келуі салдарынан жүк түсіру шебінің өлшемдері бәрін бірдей түсіруге мүмкіндік бермей отырған көрінеді, үшіншіден, вагондар мұз қатқан күйде келгендіктен алдымен жылытатын жерлерге орналастырылады. Ал ол уақыт деген сөз.  

Жалпы алғанда өткен жылы Балқаш станциясы бойынша пойыздарды қабылдау мен жөнелту, өткізу және маневрлік жұмыстар барысында қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, төтенше оқиғалар мен жағдайларға жол берілмеген, сонымен қатар, вагон паркінің сақталуында ешқандай кінәрат орын алмаған.  

– Балқаш станциясы ұжымының еселі еңбегінің арқасында былтыр пайдалану көрсеткіштері толық орындалды деуге болады. Жұмысымызды Компания мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және бөлімше басшылығының бұйрықтарын, нұсқаулық, жеделхаттарын негізге ала отырып жүргіземіз. Еңбек қорғау, техника қауіпсіздігін сақтау, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдыққа ие. Өткен жылы осы мәселелерге қатысты көптеген іс-шаралар мен айлықтар өтті. Олар теміржолшылардың білім-біліктілігін көтеруде маңызы зор, – дейді станция басшысы Аманжол Омаров.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты