Жамбыл вагон жөндеу депосы былтыр 2,6 мың вагонды жөндеуден өткізді

Аймақтар
24.01.2023, 11:28
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл вагон жөндеу депосының тарихы бай. Кеңес одағы кезінде аяқ жетер жердегі жылжымалы құрамға қызмет көрсеткен кәсіпорынның бүгінгі таңда да көтерген жүгі жеңіл емес. Мұнда жүк вагондарының барлық түрі, сонымен қатар транзиттік вагондар да жөнделеді.

Кәсіпорында алты техникалық қызмет көрсету пункті, үш ағымдағы жөндеу пункті, екі вагондарды дайындау пункті, тежегіш жабдықтарын жөндеу пункті бар. Олар Тараз, Сарышаған, Түрксіб, Шу, Жаңатас, Қаратау станцияларында орналасқан. Жалпы, 1256 шақырымдағы жол бойына қатынайтын жылжымалы құрамдар жарақтығы жамбылдық депоның құзыретінде. Осы аралықта ақауы анықталса, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, т.б мемлекеттердің вагондарына да барлық техникалық қызмет көрсетіледі.  

Бүгінде 600-ден астам адам еңбек ететін кәсіпорында 2022 жылы жоспар бойынша 2577 вагон жөндеуден өтуі межеленсе, бұл көрсеткіш 2675 вагонға орындалып, жоспар 105 пайызды құраған. 59 миллион теңгенің жұмысы атқарылуы керек болса, ол көрсеткіш 123 миллионға жетіп, 207 пайызға орындалған. Өткен жылы жүк вагондарының 33 ақауын тапқан (олардың дені вагон шаруашылығында кең тараған бүйір рамасының ақауы) 12 вагон қараушы ақшалай сыйақы мен түрлі марапаттарға ие болды. Депо бастығы Талғат Жасұзақов «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталса, екі депо жұмысшысы «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды.  

– Қысқа жүз пайыз дайындықпен кірдік. Ең үлкен жетістігіміз – барлық желі толық электрленіп жатыр. Бұл – пилоттық жоба аясында жүріп жатқан жұмыстар. Көмірден бас тартуды көздеуіміз – ең алдымен экологияны жақсартуға, сол арқылы өндірісті сауықтырып, жұмысшылардың денсаулығын сақтауға ықпал ету. Сосын экономикалық тиімділік те бар әрине. Қазір тек Тараз техникалық қызмет көрсету пункті көмірмен жылытылуда. Өндірістік алаңдарға бейнебақылау орнату жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінгі күні Тараз техникалық қызмет көрсету пунктіне кәсіподақтың көмегімен 9 камера, әкімшілік ғимаратқа 4 камера, Шу ағымдағы жөндеу пунктінде 4 камера және Тараз ағымдағы жөндеу пунктіне 2 камера орнаттық, – дейді Талғат Советұлы.

Қауіпсіздік
24.02.2026
Машинистер соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
24.02.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол бекеттеріндегі кедергілер жойылады
Трансформация
24.02.2026
Wabtec – сенімді серіктес
Аймақтар
24.02.2026
Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты
Инфрақұрылым
24.02.2026
Ақтөбеде жыл сайын 200 шақырымнан астам теміржол жаңаруда
Жолаушылар тасымалы
24.02.2026
Рамазан айында ҚТЖ пойыздарындағы вагон-ресторандар арнайы кестеге көшеді
Қауіпсіздік
24.02.2026
Өткелдегі қатер
Аймақтар
24.02.2026
Жолсапар сәттілігі үйдегі көңіл-күйден басталады
Жаңалықтар / Мұрағат
24.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №14 24 ақпан 2026 жыл
Инфрақұрылым
23.02.2026
«Қызылжар – Сексеуіл» учаскесін жаңғырту: өткізу мүмкіндігі 2,5 есе өсті
Қауіпсіздік
23.02.2026
Шиеліде өрт сөндіру пойызы дайындықтарын пысықтады
Аймақтар
23.02.2026
Семейдегі жас мамандардың ұсыныстары тыңдалды
Жүк тасымалы
23.02.2026
Болат жолдың болашағы
Инфрақұрылым
23.02.2026
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есе артады
Жаңалықтар
20.02.2026
Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Инфрақұрылым
20.02.2026
Бақты-Аягөз желісінің құрылысы талқыланды
Қауіпсіздік
20.02.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Цифрландыру
20.02.2026
Теңіз порттарында электрондық жүйе енгізілмек
Спорт
20.02.2026
Шалқарда теміржолшылар арасында шағын футболдан жарысы өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
20.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №13 20 ақпан 2026 жыл