Теміржолшы отбасына әріптестері көмек көрсетіп жатыр

Аймақтар
03.02.2023, 11:11
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шытынай ұшқан шоқ дыбысы мен ыстық жалынның табы оның шырт ұйқысын бұзды. Жанталасып жүріп, әйел, бала-шағасын түгел далаға шығарған соң ғана ентігін әрең басты...  

Мән-жайға қанық бола келе, таңғы төртте тілсіз жаудың көрші үйден шыққаны белгілі болды. Әрине өрт сөндірушілер келіп, алапат өртті ауыздықтауға кірісті. Бірақ жиған-терген дүниесінен әп-сәтте айырылып, қақаған қыста ішер ас, киер киімсіз қалған арыстық теміржолшы Әли Рысбековтің отбасының жағдайы мәз емес еді. Бұл қаңтардың 21-нен 22-сіне қараған түн еді.  

Мұндайда көрші-қолаң мен ағайын-туыс, әріптестердің рухани да, материалдық та қолдау-көмегінің орны бөлек. Өмірінің отыз жылын Арыс станциясының өсіп-өркендеуіне арнаған Әли Қайбілдәшұлының басына түскен сынақ адамдар арасындағы адами құндылықтың дәрежесін көтеріп жіберді. Оңтүстіктің күллі теміржолшылары тілсіз жаудан зардап шеккен әріптестерін қолдауға бір кісідей жұмылды. «Қазкөліккәсіп» ҚБ» Шымкент филиалы ұжымы Рысбековтер әулетіне әркім шамасы келгенше қол ұшын созайық деп бастама көтерді. Қазіргі кезде филиал төрағасы Нағима Салықбаеваның жетекшілігімен құжаттамалық рәсімдеу процестері жүріп жатыр. Сол сияқты, «Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының бас инженері Ілияс Нұржанов бастаған азаматтар қаржылай көмек берген. Сонымен қатар үш айда бір қаралатын теміржолдың арнайы қорынан да көмек қарастырылмақ. Бүгінге дейін 4 млн теңгедей көмек берілген.  

– Арнайы бейнеүндеу жолдағаннан кейін тек теміржолшылар емес, барлық өңірден Әли бауырымыздың басына түскен қиындықты жеңілдетуге атсалысып, хабарласып жатқан халыққа қалай риза болмайсың?! – дейді Арыс станциясының кәсіподақ өкілі Телғозы Шораханұлы.  

Оның айтуынша, жаппай көмек көрсету шарасынан жергілікті әкімдік те тыс қалмаған. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен орынбасары Ерғали Қуандық та Рысбековтер отбасына қаржылай қолдау көрсетіп, алдағы уақытта үй салу үшін жер учаскесін беру керек деп шешім қабылдаған.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты